Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 апта бұрын)
Ер Сүгір

Кезінде өз еліне бір нәрседен кінәлі болып, Найман жеріне келіп, осында сіңіп кетеді. Қалмақ шапқыншылығына қарсы батырлығымен көзге түсіп, Кокжал Барақтың серіктері қатарына қосылады. Күршім жерінен жоңғарларды қуу үшін айқайлап шықпай, әдіс қолдануды Барақ батыр бастаған қазақ қолы дұрыс деп тапқан. Бұл топтың ішінде Жаман, Танаш, Қошық, Сүгір сынды ерлер болған. Ол үшін осы кезде «Төрт қалмақ» деп аталатын жерде қалмақ батырлары күн мен түн теңелгенде наша тартып, арақ ішіп, бір апта тойлайтын кезін тосыпты. Жоңғарлар түйе мінген адамдарды көрсе, оны таңырқап тамашалайды екен ол кезде. Тойдың қызған кезінде Барақтың сарбаздары қалмақтардың дәл үстіне келеді. Олар түйемен келген адамды есепке алмай отырғанда, Танаш, Жаман, Қошық, Сүгір жоспар бойынша түйеге мінгесіп келіп, қалмақтардың батырларымен айқасады. Сонда Сүгірге Қарасеңгір кез болады. Сүгір Карасеңгірдің кеудесіне отырып қанжарын шығарғанда, астында жатқан батыр:

— Атыңды айтып өлтірші мені, — дейді. Сонда «менің атым Сүгір» депті ол.

— Бүгін түсімде маған әкем аян беріп еді, «сені Сүгір алады. Сүгір алса, бүгін алады» деп еді, өлтіре бер! — деп көзін жұмыпты...

Оқуға кеңес береміз:

Жалаңтөс батыр

Елшібек батыр туралы

Ер Жауғаш


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама