baiterek.gov.kz
- 13 қаң. 2026 17:01
- 19
Ерболат Досаев жаңа қызметке тағайындалды
Ерболат Досаев «Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингінің директорлар кеңесіне мүше болып тағайындалды. Бұл жаңалық Қазақстан қор биржасында (KASE) жарияланған құжатта расталды.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Директорлар кеңесінің жаңа құрамы
Жаңа құрам 26 желтоқсанда бекітілген. Кеңесті премьер-министр Олжас Бектенов басқарады. Оның құрамына бірінші вице-премьер Роман Скляр, экономика министрі Серік Жұманғарин, Ерболат Досаев, қаржы министрі Мәди Такиев және өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев кірді.
Ерболат Досаев бұған дейін 2016-2017 жылдары «Бәйтерек» холдингінің басқарма төрағасы қызметін атқарған болатын. Жақында ол «Самұрық-Қазына» АҚ директорлар кеңесіне де мүше болып тағайындалған еді.
Еске сала кетсек, 2025 жылдың 24 мамырында Ерболат Досаев Алматы қаласының әкімі қызметінен босатылған болатын. Қыркүйек айында ол Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары болып тағайындалды.