kaztag.kz
- 23 мам. 2026 23:00
- 12
ERG компаниядағы үлесін Шахмұрат Муталипке сатқаны туралы ақпаратты растады
Eurasian Resources Group (ERG) компаниясының үлесін бизнесмен Шахмұрат Муталип сатып алғаны туралы бұған дейін жарияланған ақпаратты ресми түрде растады. Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
ERG компаниясының мәліметінше, Шахмұрат Муталипке тиесілі Nature energy solutions Ltd. компаниясы ERG акцияларының 39,3% үлесін Патох Шодиевтен (18,6%) және Александр Машкевичтің мұрагерлерінен (20,7%) сатып алған. Бұл өзгерістер компанияның бизнесін нығайтып, басқару тиімділігін арттыруға бағытталған.
Компания қызметіне әсер етпейді
ERG өкілдері компанияның барлық кәсіпорындары штаттық режимде жұмыс істеп тұрғанын атап өтті. Акциялардың сатылуы компанияның ағымдағы операциялық қызметіне, өндірістік бағдарламаларды жүзеге асыруға және қызметкерлер, серіктестер мен мемлекет алдындағы міндеттемелерге ешқандай әсер етпейді.
Айта кетейік, бұл мәміле туралы алғашқы ақпаратты КазТАГ агенттігі наурыз айының басында, яғни үш ай бұрын жариялаған болатын.
-
В сети вновь появилось ранее неизвестное интервью казахстанского музыканта Дархана Джузза, где он делится своими размышлениями о жизни и предчувствиями.