Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Еркеатан (ІІ нұсқа)

Баяғыда шал мен кемпір болады. Олардың жалғыз қызы, мал дегенде, боталаған түйесі бар екен. Қыз бала ерке атанға бауыр басып, әбден үйренісіп кетеді. Күндердің күнінде қыз бой жетіп, оған құда түсіп, қыз ұзату рәсімі басталады. ол уақытта қызға: «Не қалайсың?» — дейді екен. Сонда қыз: «Кішкентайдан бірге өскен ерке атанды қалаймын», — дейді. Бірақ, әкесі «малымның басы» дей ме, әйтеуір, атанды қимайды. Сонымен, қыз әке-шешесін, елін, жұртын тастап сыңсуға салып кете барады. Қызға әбден үйреніп, бауыр басқан ерке атан қыздың көшінің артынан жүгіріп бара жатып дарияға түсіп кетеді. Сүйікті жануарына жаны ашыған қыз: «Әке-ке-ау, әке-ке-ау, ерке атан кетті, қайтейін», — деп жылайды.

 


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама