Ертегі, оның түрлері
Тақырыбы: Ертегі, оның түрлері
Мақсаты:
a) білімділігі: Оқушыларды ертегілер мазмұнымен таныстыру, мазмұны арқылы сурет салуға үйрету. Жеке тұлғаның рухани мәдениетін қалыптастыру, балалардың бейнелеу қабілетін шыңдау.
ә) дамытушылығы: Ертегілер әлемі туралы танымын кеңейту. Іздену, зерттеу қабілеттерін дамыту. Ертегі мазмұнымен қызықтыру нәтижесінде оқушылардың қызығушылығын арттыру, олардың бойында шығармашылық ізденіс қалыптастыру, көркемдік талғамын, шығармашылық қиялын, ойлау кеңістігін дамыту.
б) тәрбиелігі: Ертегілердің негізгі идеясы мен тәрбиелік мәніне арқау болған ұлтымыздың асыл қасиеттерін сіңіру. Оқушылардың ұлттық өнерге деген сүйіспеншілігін молайту, белсенділіктерін шыңдау.
Көрнекілігі: әдебиет электрондық оқулығы, ертегі кейіпкерлері, демонстрациялық қағаздар, көрме.
Сабақтың түрі: дамытушылық.
Сабақтың типі: білімді дамыту.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: миға шабуыл, «5 жолдық өлең құрастыру», «2 жұлдыз бір тілек» (СТО бағдарламасының стратегиялары); талдау, жинақтау, жүйелеу; дербес, жұптық, ұжымдық жұмыс.
Сабақтың барысы:
Психологиялық дайындық.
1/оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру;
2/сабақ мақсатын анықтау;
3/бір - бірлеріне сәттілік тілеу.
4/топқа бөлу. Балаларға геометриялық фигуралар таратылады. Сол геометриялық фигураға байланысты топтасып отырады.
Өткен тақырыпты қайталау
Өткен тақырыпты қайталай отырып,«миға шабуыл»әдісімен білімдерін тексеру.
- Халық ауыз әдебиеті дегеніміз не?
- Халық ауыз әдебиеті дегеніміз ұрпақтан - ұрпаққа тараған әдебиет.
- Ғылыми тілде халық ауыз әдебиеті қалай аталады
- Ғылыми тілде халық ауыз әдебиеті - фольклер деп аталады.
- Фольклордың қандай түрлерін білеміз?
- Фольклордың түрлері: жұмбақ, жаңылтпаш, мақал - мәтел.
А ) Жұмбақтың ерекшелігі неде? Мысал келтіріңдер
Жұмбақтар адамның ақыл - ойын кеңейтіп, тапқырлыққа, салыстыруға үйретеді.
Мысалдар: Бір түкті кілем,
Бір түксіз кілем. (аспан, жер)
Көп бауырсақ бір қалаш. (ай)
Ә) Жаңылтпаштың пайдасы қандай? Мысал келтіріңдер
Жаңылтпаштар да халық ауыз әдебиетінің бір түрі. Мазмұны әртүрлі болып келеді. Пайдалығы: тілді дамытады, дұрыс және әдемі сөйлеуге үйретеді, тілді ширатады.
Мысалдар:
Б) Мақал - мәтелдердің тәрбиелік мәні. Мысал келтіріңдер.
Мақалдарда ой тұжырымдалып, даналық қорытындысы айтылады.
Мақал - мәтелдер қысқа да нұсқа болады.
Мысалдар: Отан туралы. Отан – оттан да ыстық.
Еңбек туралы. Еңбексіз өмір – сөнген
Оқу туралы. Оқу - білім азығы,
Білім – ырыс қазығы. т. б.
Қызығушылықтарын ояту.
«Баяғы өткен заманда бір шал мен кемпірдің ……. болыпты» немесе «Ерте, ерте, ертеде, ешкі жүні бөрте де» деп те басталады. соңында олар «сөйтіп мұратына жетіпті» үнемі жақсылықпен аяқталады.
Мағынаны тану Электрондық оқулықпен жұмыс
Ертегілер ауыз әдебиетінің ең көне жанрына жатады. Бұларда көбінесе өмірде сирек кездесетін немесе мүлде кездеспейтін ойдан шығарылатын оқиғалар баяндалады. Ол ауызша айтылып, ел есіне ғасырлар бойы сақталып, ұрпақтан - ұрпаққа ауысып, біздің дәуірімізге жеткен. Ертегілер көбінесе қара сөз түрінде айтылады. Кейде өлең түрінде де кездеседі.
Ертегілер мынандай жанрларға бөлінеді:
Қиял - ғажайып;
Хайуанаттар туралы;
Шыншыл ертегі;
Қиял - ғажайып ертегілерінің оқиғасы қиялға, фантазияға құралған, өмірде болмайтын нәрселер туралы баяндалады баяндалады. Олар жеті басты жыланмен, жалғыз көзді дәумен, жалмауыз кемпір, мыстан кемпір, небір құбыжықтармен күрес үстінде бар асыл қасиеттерімен көрінеді. Олар көкке ұшады, жер астына түседі, теңіздерден өтеді, азабы мол қиын - қыстау оқиғаларда ақыл, айла - тәсілін асырып, жеңіп шығады. Бұл ертегілерді оқи отырып жаманнан жиреніп, жақсыдан үйренуге тырысады. Мысалы: «Алтын сақа», «Ер Төстік», «Алтын балық» т. б. Кейіпкерлері: жалмауыз, жезтырнақ, мыстан кемпір.
Ата - бабамыз төрт түлік малды қадірлеп, пір тұтқан. Балаларға ең жақын ертегілер хайуанаттар туралы ертегілер. Хайуанаттар туралы ертегілердің кейіпкерлері аң, құс, үй жануарлары болады. Алайда олар адамға тән қасиеттер, әрекеттер иесі болып суреттеледі де сол арқылы сұм - қиянатшыл, арамза, қу мінез қылықтар әшкереленеді, еңбексүйгіштігі, батылдығы, адалдығы суреттеледі.
Шыншыл ертегілер халық өмірін, тұрмысын шындық тұрғыдан бейнелейді. Атқа мінерлердің іс - әрекеттерін әшкерелейді. Ертегілердің тілі көркем, қарапайым, түсінікті жеңіл келеді. Сендер құрметті жас достар, ертегінің осылай тілі арқылы халықтың өз өмірлерін жақсарту жолындағы арман - тілектерін, тамаша қиялдарын біліммен қоса өздерінде солай қиялдауға, армандауға үйренесіңдер. Ертегінің көркем де, жеңіл тіл сендердің қиялдарыңа қанат бітіріп, арманды ақиқататады, қайратты істерге құлшындырады. Шешен сөйлеуге, өз ойларыңда әдемі баяндауға үйретеді. Тіл құдіреті сені небір құпия сырлар әлеміне жетелейді, көзіңді ашып, кереметтерді танытады. Халық ертегілерін сүйе біл, сүйсіне оқы, одан тіл үйрен, мәнін, мазмұнын аңғар!
Жақсы қасиеттерін бойға сіңір! Ертегі саған өмір бойы адал серік бола алады.
Сергіту сәті: «Зерек бала» ойыны ойналады. Шарты берілген сұрақтарға тез арада жауап беру. Жауап берген балаға ұпай беру
Қой басқаратын жануар (Ешкі)
Аң патшасы (Арыстан)
Апаң - апаң, ескі шапан,
Иір қобыз, жарық құндыз (Түйе)
Қалтасында баласы, ол қандай аң? (Кенгуру)
Мал терісінен жасалатын қыстық, жылы киім. (Ішік)
Жел соқса шал домалай жөнеледі екен. Содан оған қандай ат қойыпты. (қаңбақ)
Түсті әйтеуір бір балық,
Болмады жай балығым
Алтын балық кәдімгі,
Адам құсап қалыпты,
Адам құсап сөйлейді...
- Бұл қай ертегінің жалғасы.
(Алтын балық)
Бауырсақтың ертегісіндегі бауырсақ әнін айт.
Ертегілерде айлакер қу болып ойнайтын хайуанат.
(Түлкі)
5. Ой толғаныс.
Мультипликациялық ертегі түрі ұсынылады. («Аңқау арыстан» ертегісі)
Тапсырмалар алдын ала 3 топқа беріліп, ертегіні көру барысында сұрақтарға жауап іздеу міндеттеледі.
А) Қандай ертегі түріне жатқызасыңдар?
(Хайуанаттар туралы ертегісіне жатқызамыз.)
Ә) Басты кейіпкері?
(Басты кейіпкерлері: түйе, тышқан)
Б) Кейіпкерлерін атап өтіңдер
( Кейіпкерлері: тышқан, түйе, арыстан, қой, қоян, жылқы, сиыр, маймыл, тауық, ит.)
В) Ертегіні қалай атар едіңдер?
( «Мүшел», «12 - ай», «хайуанаттар».)
Г) Ертегі ұнады ма?
Ғ/ Қандай түйін шығарамыз?
Рефлексия. «2 жұлдыз бір тілек» жеке дара жұмыс
Үй тапсырмасы:
1) Екі теке ертегісін қойылымын даярлау
2) Ертегілер мазмұны бойынша иллюстрация жасап келу.
Бағалау: Оқушылардың бір - бірлерін бағалауы.
Арыстан -
Түлкі -
Қандай ертегі түріне жатқызасың?
Басты кейіпкерлер нелер?
Жалпы кейіпкерлерді ата
Кейіпкерлерге мінездеме бер.
Ертегіні қалай атар едіңдер?
Ертегіден қандай түйін шығардың?
Бүгінгі сабақта қолданылатын әдістер
1.«Миға шабуыл» әдісі
2.«Зерек бала» ойыны
3. Мультипликациялық ертегі демонстрациялық әдіс
4.«5 жолдық өлең құрастыру» топтық жұмыс
«2 жұлдыз бір тілек» жеке дара жұмыс