Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Ертегілер еліне саяхат
Мақсаты: Ертегіні балаларға оқып беріп, ертегі кейіпкерлерімен таныстыру. Жағымды және жағымсыз кейіпкерлерді ажырата білуге үйрету. Рөлдерге бөліп ойнай білуге дағдыландыру. Сөздік қорын молайтып, тілін, есте сақтау және ойлау қабілеттерін дамыту. Балаларды ұйымшылдыққа, адалдыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Талдар, шырша, саңырауқұлақ, гүлдер, сиыр, бұзау, үй ауласы, ертегі кейіпкерлері.

І. Ұйымдастыру кезеңі:
Құрметті қонақтар, балалар!
Біздің «Ертегілер еліне» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер.
Ерте, ерте ертеде,
Ешкі жүні бөртеде.
Қырғауылы қызыл екен,
Құйрық жүні ұзын екен - деп біз нені бастаймыз?
Автор: Бар екен де, жоқ екен баяғыда бөдене мен түлкі дос болған екен. Бір күні түлкі бөденеге айтады:
Түлкі:
- Досым, сен мені бір өлердей күлдіртші.
Автор: - дейді.
Бөдене:
- Жарайды, соңыма ер,
Автор: - дейді. Сөйтеді де, бөдене бытпыдық, бытпындық деп, ұшып кете береді, түлкі оның соңынан еріп отырады. Әлдене уақытта бөдене бір ауылдың сыртына келіп қонып, түлкіге:
Бөдене:
- Досым сен осы жерде қарап отыр, мен сені қазір күлдіремін.
Автор: - дейді. Осылай деп бөдене ұшып барып, сиыр сауып отырған бір әйелдің басына барып қонады. Мұны үйдің жанында ағаш жонып жатқан оның күйеуі көріп:
Күйеуі:
- Қатын басыңа бөдене қонды, қозғалма, оны мен ұрып алайын.
Автор: - дейді. Дейді де қолағашты алып, бөденеге жіберіп қалады. Бөдене ұшып кетеді. Әйел сұлап қалады. Түлкі ішек – сілесі қатып күледі. Түлкі әлдене уақытта күлкісін әрең тыйып:

Түлкі:
- Досым, ризамын, өлердей күлдірдің. Енді сен мені бір өлердей қорқытшы.
Автор: - дейді.
Бөдене:
- Жарайды. Мен бытпылдың, бытпылдың деп ұшып отырамын, сен көзіңді тарс жұмып, менің соңымнан еріп отыр. Мен көзіңді аш дегенде ғана аш
Автор: - дейді. Осылай бөдене бытпылдап ұшып отырады, түлкі көзін жұмып, оның соңынан жортып отырады. Бір кезде бөдене түлкіге:
Бөдене:
- Көзіңді аш
Автор: - дейді. Түлкі көзін ашып жіберсе төңірегі тола ит жүгіртіп, құс салған аңшы екен. Түлкі жүрегі тас төбесіне шығады.
- өлді деген осы екен, - деп ол бар пәрменімен қаша жөнеледі. Ит, құс соңына түсіп қуады.
Түлкі бір уақытта қашып құтылып, бір бұтақтың түбіне келіп демалып отырады.
Әлдене уақытта бөдене келеді, оған түлкі ашуланып:
Түлкі:
- Қорқыт дегенде осылай қорқыт деп пе, ем. Сен мені қорқытпақшы емес, өлтірмекші болған екенсің. Мен сені жеймін.
Автор: - деп, бөденеге дүрсе ұмтылады. Бөдене пыр етіп, ұшып кетеді. Түлкі оның құйрығын жұлып алып қалады.
Қане енді ортаға кейіпкерлерімізді шақырайық.
Бөдене рөлін ойнаған –
Түлкі рөлін ойнаған –
Күйеуінің рөлін ойнаған –
Әйелінің рөлін ойнаған -
Аңшылар рөлін ойнағандар –
Балалар сендер өте тамаша кейіпкер рөлінде ойнадыңдар. Сендерге көп рахмет айтамыз. Осылай барлық жерде өздеріңді белсенді, тапқыр, әртіс ретінде көрсете білдіңдер.
Ертеңгілігіміз аяқталды келген қонақтарға көп рахмет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама