- 14 қар. 2016 00:00
- 214
Есепке жүйрік 11 жастағы қазақ баласы ресейліктерді таңғалдырды
11 жастағы алматылық Әли Байжігіт талантты балалар туралы «Бірінші арнаның» жаңа телебағдарламасына қатысты. Бағдарлама жүргізушісі Максим Галкин жас алматылықты ұлы ойшылға теңеп, оның есепті шешу жылдамдығын суперкомпьютер жылдамдығымен бірдей деп баға берді.
Математиктің бұл қабілетін өте пайдалы, әсіресе дүкенге барғанда көп көмегін тигізеді деп қалжыңдады. Сынақ ретінде Әлиге экрандағы азық-түліктердің калориясын қосу тапсырмасы берілді.
Жүргізуші калькулятор көмегімен оның қабілетін тексергісі келіп еді, бірақ есепті ойша өте жылдам шығарған бала калькулятор ұстаған жүргізушіні басып озды.
Әли болашақта Массачусет технологиялық университетіне түсуді армандайды.
Еске сала кетсек, бұл бағдарламада ең жылдам боксшы қыз Эвника Садвакасова жаңа рекордын орнатты. Павлодар тумасы 30 секундта 221 соққы жасады, оның жылдамдығына Николай Валуевтың өзі тәнті болды.