Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Оқу орындарында ақша жинаумен күресетін жұмыс топтары құрылды

Ағымдағы жылдың 10 ойында бопсалауға байланысты 494 қылмыс тіркелді. Бұл осы қылмыстың өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 13,2  пайызға азайғанын көрсетеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл ретте осы жылдың өткен мерзімі ішінде бопсалау қылмыстарын ашу 94,7 пайызға дейін жақсарған.

«Осы қылмыс түрімен айналысатын адамдардың құқыққа қайшы әрекеттерінің жолын кесу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстардың тиімділігін арттыру мақсатында барлық өңірдегі ішкі істер департаменттерінде тұрақты жұмыс істейтін топтар құрылып, олардың құрамына ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес, криминалдық полиция  бөлімшелерінің және жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері біріктірілді. Сонымен қатар полиция қызметкерлері оқу орындарындағы ақша жинау және бопсалаумен айналысатын адамдар туралы ақпараттар беру мәселесі бойынша оқу орындарының басшыларымен және оқытушылар құрамымен кездесулер өткізуде»,-деп атап өтілген ҚР ІІМ хабарламасында. 


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама