Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 15 сағат бұрын)
Есепті әр түрлі тәсілмен шығару
Математика. 3 - сынып
Сабақтың тақырыбы: Есепті әр түрлі тәсілмен шығару
Сабақтың мақсаты: 1) Білімділік: есепті әр түрлі тәсілмен шығару; көбейтудің қасиеттерін қолдануға, өрнектерді және олардың мәндерін салыстыру барысында машықтандыра түсу.
2) Дамытушылық: Танымдық қабілеттерін, ойлауын, зейінін, есте сақтауын дамыту.
3) Тәрбиелік: Оқушыларды өзгені тыңдап, өз ойын еркін айтуға баулу, пәнге қызығушылығын арттыру.
Әдісі: ой қозғау, сұрақ - жауап, логикалық ойлау, машықтық жұмыс, көрнекілік.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Біздің ұранымыз!
Есептеуге жүйрік болсаң жасыңнан,
Математикаға орын берсең басыңнан
Барлық ғылым саған үйір болады
Досың солар табылатын қасыңнан

ІІ. Қызығушылықты ояту.
- Балалар банк дегеніміз не? Қандай банктерді білесіңдер?
- Бүгін біздің сабағымыз ойын түрінде өтеді. Бұл ойынға үш банк қатысады.

Топқа бөлу: "Альянс банкі", "Халық банкі", "Тұран әлем банкі"
Аудиторлар - банк есепшотын тексеретін адам сайлау
- Маған осы үш банктің қайсысы жақсы жұмыс істейді, сол тұрақты банк екенін тексеру болып табылады. Сондықтан бүгінгі сабақты дұрыс, тез есептеп, ойланып жауап беруіміз және тәртіп сақтауымыз керек. Ең көп балл алған банк " Үздік банк " иегері болады.

ІІІ. Өткен сабақты пысықтау

ІV. Үй тапсырмасын тексеру: № 6. Теңдеулерді шешу
І бөлім. Ой тұжырымдау
- Теңдеу дегеніміз не? (құрамында белгісізі бар өрнек)
- Периметрді қалай табамыз? (төртбұрыштың ұзындығы мен енінің қосындысы)
- Ауданның өлшем бірлігін ата (см)
- Көлем өлшем бірлігінің белгіленуі (V)
- Төртбұрыштың ауданын қалай табамыз? ( ұзындығы мен енін көбейтеміз)
- Көбейтудің ауыстырымдылық қасиеті дегеніміз?
- Көбейтудің терімділік қасиеті дегеніміз?
- Көбейтудің үлестірімділік қасиеті дегеніміз?

ІІ бөлім. Мағынаны тану.
Күннің жадын, сабақтың тақырыбын жазу.
Топтық жұмыс. " Ұтыс " ойыны
Оқулықпен жұмыс.
І топ. №1 - тапсырма. Есепті әр түрлі тәсілмен шығару
Шарты:
Бір омартадан - 18 кг бал
Екіншісінен - 9 кг бал
Бөліп салды - 3 кг
Шешуі. 1 тәсіл. (18+9): 3 = 9 (ы)
2 - тәсіл. 18: 3 + 9: 3=6+3=9 (ы)
Жауабы: 9 ыдыс қажет болды.

ІІ топ. №3. 1 - б) Әр түрлі тәсілмен есептеу
Ұзындығы - 7 см
ені - 3 см
Тік төртбұрыш. ауданы -?
Шешуі: 1. S = 7*3= 21кв. см
2. S = 3*7= 21кв. см
Жауабы: ауданы 21 кв. см
ІІІ топ. 2 - б)
Ұзындығы - 7 см,
ені - 3см
Тік тртбұрыш. периметрі -?
Шешуі: 1. 7+3+7+3 = 20 см
2. 7*2+3*2 = 20см
3. (7+3) *2 = 20 см
ІІІ бөлім. " Қай топтың ойы ұшқыр"
№2. Бос торкөздерге тиісті санды тауып қой.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама