Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Есірткі деген қасірет
Есірткі деген қасірет

Улайтұғын көп жастардың санасын,
Ұмыттырар әке түгіл анасын.
Жаман әдет, жат қылыққа үйір боп,
Ей, жастарым қайда кетіп барасың?

Аздыратын бұл адамның тірлігін,
Қызығында білдірмейді өмірдің.
Қайта айналып келмейтұғын бір күнді,
Өз мәнінде бақытты ғып өткізгін!

Есірткіден бойды аулақ салайық,
Салауатты өмір салтын қолдайық.
Ей жастарым жат қылықтан аулақ боп,
Дені сау адам болып шаттанайық!

Еліміздің біз жастары келешегі,
Жалғасымыз бабалардың келешегі.
Болашаққа жаңа қадам бастайық
Жарқын елдің келешегі біздер болып!

Мардан Байділдаев атындағы №232 орта мектеп оқушысы Жәмет Замира

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама