Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 22 сағат бұрын)
Есмағамбет пен Дербісалы

Жағалбайлы елінің сұлтаны болған Дербісалы Беркінбай патшадан шен алып, сұлтандық (ХІХ ғасырдың аяғында) лауазым алып келген соң, қақпадан кісі кіргізбейтін әдет шығарып, күзетші солдат қойыпты.

Қашан түс болып, Дербісәлінің ұйқысы қанып, кісі қабылдайтын кезін күтіп, жұрт сарылатын болыпты. Осыны есіткен Есмағамбет бір күні Дербісалының аулына әдейі ерте келеді.

Солдаттар кіргізбейді, ол кірмекші болады. Бағынбаған соң, солдаттар мылтық атып, қорқытпақ болады. Мылтық даусы шыққан кезде:

— Ойбай, өлдім, оқ тиді, — деп айқайлаған күйі, қақпаға кіріп кетеді.

— Күзетшілерің біреуді атып алды білем, — деп Дербісалыны оятады.

Дербісалы далаға шықса, қақпа ішінде шанадан түсіп жатыр екен.

— Атылып қалған кім екен десем, сен екенсің ғой, оқ сенің өлетін жеріңнен тиген шығар? — деп күледі өзімен амандасып тұрған Есмағамбетке.

Есмағамбет үйге кіруге ыңғайланған кезде:

— Осы тұрған күйіңше, ойланбастан бір ауыз өлең айтпасаң, үйге кірмейсің, — дейді Дербісалы.

Сонда Есмағамбет ойланбастан:

— Баласы Берекемнің болдың дүрден,
Қыстадың өлең айт деп үйге кірмей.
Айсадай аспанға ұшсам, сөз сенікі,
Жерде өлсең, сен де бірдей, мен де бірдей, — депті.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама