- 05 нау. 2024 01:40
- 199
Эссе. Курстан кейінгі ой- толғаныс
«Халықтың кемеліне келіп өркендеп өсуі үшін ең алдымен азаттық пен білім қажет».
(Ш. Уәлиханов).
Эссе
Аллаға шүкір, ата - бабаларымыз сан ғасырлардан бері аңсаған тәуелсіздігіміздің ақ таңы атып, Қазақстан әлемде өзіндік сара жолы бар мемлекетке айналды. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев білімді ұрпақ тәрбиелеу, мемлекетімізді биік шыңдардан көрсету, дамыған 50 елдің қатарына қосылу мақсатында ұлы қадам бастады. Болашақ ұрпақ білімді болсын десек, сол ұрпаққа өмірде адаспай өз орындарын табуға бағыттайтын ұлағатты ұстаздардың біліктілігін арттырудан бастағанымыз өте орынды деп білемін. Осы бағытта жүзеге асырылған игі шаралардың бірі – еліміздің білім сапасын әлемдік деңгейге жеткізетін мұғалімдер қауымын қайта даярлау курстарының қарқынды жұмысы көңілге қонымды.
Курсқа келгенге дейін үздік мұғалім болу үшін ең бастысы – оның білімі деп білдім. Берген біліміңді оқушылардан талап ете білсең, балалар да білімді болады деп санадым. Алайда осы курсқа келгелі, жаттанды, дәстүрлі білім балалардың шығармашылық қабілетін, сыни ойлау тұрғысын тежейтінін, алған білімдерін көп жағдайда, өмір белестерінде қолдана алмайтынын түсіндім. Қазір жеткен жетістігім десем болар, әлде түйгенім, түсінгенім - балаларды қызықтырып, берілетін тақырыбыңды сан түрлі әдіс - тәсілдермен түсіндіру оқушыларыңның білім сапасын ғана емес, сонымен қатар олардың өзіндік терең ұстанымдарын дамытуда үлкен рөл атқаратынын ұғындым.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.