Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 7 сағат бұрын)
Етігін боқтау

Бұрын Қабдулла зәңгіге қарасты ауылдар Шынтақы, Нұрты деген жерлерге бөлініп жайлайды екен. Жаны тыныш, малы бағулы бай мен би мырзалар бір күні орын бойынша бөлініп, өз артықшыларын мақтатып екі жақтан екі ақын шығарып өлең айтқызыпты. Сонда Нұрты жақтан Сақыш деген ақын басқаның бәрін айтып болғанда, етікші Асқанбайды мақтапты. Шынта қыжақтың ақыны Бірғали сонда:

— Тұмсығы құп-құбылған мағим бар,
Асқанбайдан кем болса Құдайға сал.
Қабдулланың шұлығы жыртылып жүр,
Әкел де мағияма ұлтаратып ал, —

депті. Сонда шұлығын байқаған Нұрты жақтың зәңгісі етігін боқтапты. Жұрт ду күліп Бірғалиды алқапты.

 


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама