Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 сағат бұрын)
Етістік. Дара және күрделі етістік
Сабақтың тақырыбы: Етістік. Дара және күрделі етістік
Сабақтың мақсаты: а) білімділік: оқушыларға сөз таптары, етістік туралы түсінік, етістіктің құрамына қарай түрлері: негізгі және туынды етістіктер, құрылысына қарай түрлері: дара және күрделі етістіктер жайлы толық мәлімет беру.
ә) дамытушылық: ой - өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, сауаттылыққа баулу, олардың ой - пікірін қалыптастыру.
б) тәрбиелік; елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: суреттеу, сұрақ - жауап, бағалау, бекіту, қорытындылау.
Сабақтың көрнекілігі: АКТ.

Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі.
І. Сәлемдесу, түгелдеу.
2. Жаңа сабаққа дайындық.
Сыныпты 4 топқа бөлу. Қолдарындағы сөздері қай сөз табына жатса сонда барып отырады.
І топ Зат есім
ІІ топ Сан есім
ІІІ топ Сын есім
ІY топ Есімдік. Ереже шығару.

Етістік — заттың қимылын, іс - әрекетін білдіретін сөз табы. Етістік не істеді? не қылды? қайтті? (немесе не істеп? қайтіп? не істесе? т. б.) деген сұрақтарға жауап береді. Мысалы: Көп ойласаң, дана боласың, көп ойнасаң, бала боласың. Берілген мысалда ойласаң, ойнасаң сен не істесең? деген сөздер заттық ұғымдағы сөздің (сен) қимылын, іс - әрекетін білдіріп түр. Мұндай сөздер етістік деп аталады.
Етістік құрамына қарай негізгі түбір етістік және туынды түбір етістік болып екіге бөлінеді. Сөздің негізгі түбірі етістік болса, ол негізгі түбір немесе негізгі етістік деп аталады. Мысалы: кел, бар, жүр, т. б.
Басқа сөз таптарынан сөз тудырушы жұрнақ арқылы жасалған етістіктер туынды түбір немесе туынды етістік деп аталады. Мысалы: ойна, шегеледі, қарайып, көгерген, басқарса, күшейіп, т. б. деген етістіктер: ойын, шеге, көк, бас, күш деген түбірлерге (есім сөздерге) - а, - ле, - й, - ер, - қар, - ей жұрнақтары жалғану арқылы жасалған етістіктер.
Туынды етістіктер басқа сөз таптарынан (есімдер мен еліктеуіш сөздерден) белгілі жұрнақтар арқылы жасалады, ол жұрнақтар мыналар:
1) - ла, - ле, - да, - де, - та, - те: шеге - ле, таза - ла, тіс - те, бас - та, т. б.
2) - а, - е: ойн - а, бос - а, түн - е, т. б.
3) - ай, - ей, - й: мол - ай, аз - ай, көб - ей, қара - й, т. б.
4) - ар, - ер, - р: ағ - ар, көг - ер, қысқа - р, т. б.
5) - ғар, - гер, - қар, - кер: бас - қар, ес - кер, тең - гер, т. б.
6) - ық, - ік, - қ, - к: кеш - ік, зар - ық, бір - ік, т. б.
7) - ыра, - іре,: жарқ - ыра, желб - іре, т. б.
Бекіту: оқулықпен жұмыс.

Сергіту сәті: Бойы сергектің ойы да сергек.
Пантонима(берілген сөздерді іс - әрекетпен, яғни мимикамен түсіндіру). Әр топтан 1 оқушыдан шығады.
Постермен жұмыс. Мектеп табалдырығын аттағаннан бері не үйрендік, не білдік сурет арқылы бейнелеу.
Үйге тапсырма: 212 - жаттығу жұмысының орындалу шартын түсіндіремін.
Бағалау

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама