Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 сағат бұрын)
Ондық бөлшектерді қосу және азайту тақырыбына есептер шығару
Сабақтың тақырыбы: Ондық бөлшектерді қосу және азайту тақырыбына есептер шығару
Сабақтың мақсаты: Ондық бөлшектерді қосу және азайту тақырыбы бойынша алған білімдерін қорытындылау және пысықтау.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: оқушылардың ондық бөлшектерді қосу, азайту, салыстыру тақырыптары бойынша есептер шығару арқылы білімдерін пысықтап, тиянақтау.
Дамытушылық: оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, ондық бөлшектерді қосу, азайту амалдары бойынша біліктіліктерін дамыту.
Тәрбиелік: оқушыларды жауапкершілік, еңбекқорлық, белсенділік, ізденімпаздыққа тәрбиелеу, табиғатты қорғауға, аялай білуге баулу.
Сабақтың типі: қайталау, пысықтау сабағы.
Сабақтың түрі: сайыс - сабақ
Сабақтың әдісі: ойын технологиясы, өзіндік жұмыс, топтық жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: слайд - презентация, есептер жазылған плакат, бағалау парақтары, өзіндік жұмыс есептері жазылған карточкалар.

Сабақтың жоспары:
1. Ұйымдастыру. Сабақтың мақсатымен, жоспарымен танысу.
2. Үй жұмысын тексеру
3. Білімді бекітуге дайындық кезеңі.
4. Білімді бекіту.
5. Үйге тапсырма
6. Бағалау
7. Қорытындылау. Рефлексия.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру. Сабақтың негізгі мақсаты мен жоспарымен, ойын шарттарымен таныстыру.
Мұғалім: Балалар бүгінгі сабағымыздың ұраны «Бәрін білгім келеді!» деп аталады. Бұл сабақта «Ондық бөлшектерді қосу және азайту» тақырыбына есептер шығарып, білімдеріңді қорытындылап және пысықтаймыз. Қорытындылап қана қоймай, жануарлар мен өсімдіктер әлемінен қызықты мәліметтермен таныс боламыз.
Сонымен, балалар бүгінгі сабағымыз сайыс түрінде өтеді, біздің сайысымыз спорттық емес, математикалық. Ал ендеше сайысымызды бастайық!

Біз бүгін үш топқа бөлінеміз:
І топ: «Джон Непер»
ІІ топ: «Магницкий»
ІІІ топ: «Масуд әл - Каши»
ІІ. Білімді бекітуге дайындық
1. «Ой – толғау» Ауызша өткен тақырыптар бойынша сұрақ - жауап.
2. «Оқылуына сәйкес санды тап» (сандарды дұрыс тапса, сандардың астындағы әріптерден ең кішкентай құстың атын оқиды)
3. «Кім қырағы?» (тақтада көрсетілген амалдарда өшіп қалған үтірлерді қою қажет)

ІІІ. Білімді бекіту кезеңі
4. «Кім жылдам?» ойыны. «Мен есепті шығара аламын ба?» Оқушылар есептер шығарады.
Амалдарды орындыңдар:

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама