- 05 нау. 2024 00:50
- 189
Етістіктен өткенді қайталау
Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Етістіктен өткенді қайталау.
Сабақтың мақсаты:
А) Оқушылардың «Етістік» тақырыбынан алған білімдерін тиянақтау;
Ә) Сөздік қорын байыту, білім, іскерлік дағдыларын дамыту;
Б) Өз ойын дұрыс айта білу негізінде әдемі сөйлеуге баулу, адамгершілік тәрбиесін бойына сіңіру.
Сабақтың түрі: Білімді бекіту сабағы
Әдіс - тәсілдер: сұрақ - жауап, деңгейлік тапсырма, тест жұмысы, топпен жұмыс.
Барысы:
1. Ұйымдастыру
2. Үй тапсырмасын сұрау
1)– «Етістік» тақырыбынан өткенді еске түсіру
(Оқушылардан ауызша сұралады)
2) Деңгейлік тапсырма
І топ «Шығармашылық» «Ел тілегі - бейбітшілік» тақырыбында әңгіме
(етістерді қатыстыру)
ІІ топ «Ізденуші» «Елім барда» өлеңінің 1 шумағынан етістікті тауып, талдау.
ІІІ топ «Орындаушы» (М. Мақатаев «Аққулар, қош болыңдар» ) семантикалық картамен жұмыс
(Бағалап кету) (қызыл «5», жасыл «4», сары «3»)
3) Жұмбақ сұрақтар
1) Бір жұрнақ екі етіске ортақ ол қай етістер?
(өздік, ырықсыз етіс; - ын,- ін,- н)
2) Көп адамның қатысуымен істелетін іс қай етіске жатады? (ортақ етіс)
3) Оңға қарай оқысаң да, солға қарай оқысаң да – етістік. Ол қандай етістіктер? (қақ, тат)
4) Республикамыздағы өзеннің аты көсемшенің І түрінде айтылады? (Іл+е)
5) Есімше тұлғалас жеміс аты (Бүлдірген)
4) Деңгейлік тапсырма
І топ.
Өлең жолдарын сөйлеммен жазыңдар да, етістіктерді тауып, тұлғасына қарай талдаңдар.
Кәнеки, нелерің бар, аталарым.
Ұрпағыңа ұран қып апарамын.
Сенімдеріңді ақтаймын, ақтаймын да,
Сендердің мұрагерің атанамын.
ІІ топ
Салт және сабақты етістікті тіркес жаса.
1. Үйге 1а жаңбыр.
2. Газет. 2а қайт
3. 3. Жауды. 30 дүрбімен
4. Оқы. 4а қара
ІІІ топ
Берілген етістіктерден болымсыз етістіктерді бір бөлек, болымды етістіктерді бір бөлек жаз.
Көргіз, айтпа, сөйлеспе, өмір, теппе, сыз, барған жоқ, оқытпа, бөгел, шула, ұмытпа, айтқан емес.
5) Ойлан, тап
І топ. Өздерің оқыған бір жұмбақ кілең етістіктерден ғана құралған. Сол жұмбақты еске түсіріп жаз. (Ти десем, тимейді, Тиме десем, тиеді.)
ІІ топ
Болсаң, бол
Болмай, болмас
Берсең де, берме.
Ойнап, ойлап.
Мына етістіктер қай мақалдарда кездеседі? Бірлік болмай, тірлік болмас. Жауға жаныңды берсең де, сырыңды берме. Ойнап сөйлесең де, ойлап сөйле. Ұлық болсаң, кішік бол.
ІІІ топ
Еңбек жөнінде айтылған Абайдың бір өлең жолдары 6 сөзден құралған. Ол не деген өлең жолдары.
Еңбек етсең, ерінбей,
Тояды қарның тіленбей.
6)»Ұйқасын тап» кеспе қағазын тарату.
7) Сабақты қорытындылау.
А) Сөзжұмбақ «Етістік»
1) 3 әріптен тұратын етістік (кет)
2) өзгелік етіс (кетір)
3) өткен шақ (кетіпті)
4) ортақ етістен жасалған есімше (кетіскен)
5) болымсыз етістік (кетпе)
6) өзгелік етістік болымсыз түрі (кетірме)
7) көсемше (кеткелі)
Ә) Тест
1) Етістің қай түрі?
Таң ағарып атқан соң
Төңірек жаққа қарандық
А) өздік
Ә) өзгелік
Б) ырықсыз
В) ортақ
2) Есімше қайсы?
А) оқы
Ә) айтып
Б) келер
В) өседі.
3) Көсемшені тап.
А) Оқы
Ә) барма
Б) жиналып
В) жазуға
4) Сабақты етістікті тап
А) шақыр
Ә) кел
Б) болып жүр
В) күркіре
5) Болымсыз етістікті тап.
А) күт
Ә) айтыңдар
Б) сызба
В) сөйлей
6) көмекші етістікті көрсет
А) ет, де
Ә) күл, айт
Б) ойнап
В) барғыз
Сабақты қорытындылау.
Бағалау
Үйге тапсырма: «Мен ертеңгі елдің болашағымын» шығарма жазу