
- 15 там. 2025 10:59
- 23
Аида Балаева Шымкентке жұмыс сапарымен келді
Аида Балаева Шымкентке жұмыс сапарымен келді,-деп хабарлайды Инфохаб.кз.
Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Шымкентке келді. Бұл — министрдің мегаполис пен Түркістан облысына жасаған алғашқы сапары емес. Бұған дейін ол өңірде бірнеше рет болып, бірқатар маңызды іс-шараларға қатысқан.
Алдыңғы сапарларында Аида Балаева азаматтарды жеке қабылдап, олардың әлеуметтік және мәдени мәселелерін тыңдаған. Сондай-ақ Түркістандағы тарихи-мәдени нысандарды, соның ішінде Қожа Ахмет Ясауи кесенесін аралап, олардың жай-күйімен танысқан.
Министрдің өңірге келуінің тағы бір мақсаты — жаңа жобаларды талқылау. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы аясында Балаева Шымкентте Мәдениет және өнер университетін ашу мәселесін көтерген болатын.
-
Елімізде жоғары білім сапасына қатысты кең ауқымды қоғамдық сауалнама басталды. Бұл бастаманы Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы қолға алды. Негізгі мақсат – жоғары оқу орындарыны...