
- 15 там. 2025 10:19
- 18
БҚО-да 5 жастағы баланы кәлиманы айта алмағаны үшін ұрып-соққан әкесі жауапқа тартылуда
БҚО-да 5 жастағы баланы кәлиманы айта алмағаны үшін ұрып-соққан әкесі жауапқа тартылуда,-деп хабарлайды Инфохаб.кз.
Батыс Қазақстан облысында 5 жастағы баланың анасы бұрынғы күйеуін ұлын ұрып-соғып, діни кәлиманы үйретуге мәжбүрлемек болды деп айыптады. Әйелдің айтуынша, әкесінің әрекетінен кейін бала сөйлеу қабілетін жоғалтқан, дәрігерлер оған диагноз қойған.
Анасы әлеуметтік желіде жазғандай, ер адам баланы “Ля иляха илля Ллах, Мухаммадун расулю-Ллах” деп айтпадың деп шаңсорғышты қосып, бөлмеге қамап қойған. Кейін бала мүлде сөйлемей қалған. Әйел бұрынғы күйеуінің алимент төлемеу үшін өзін жұмыссыз ретінде тіркегенін, бар мүлкін жасырғанын, сондай-ақ тұрмыстық зорлық-зомбылық көрсеткенін айтады.
Желіде тараған видеода баланың жылап, ер адамның дауыс көтеріп ұрысқаны естіледі. Бір сәтте ол қол да көтерген. Анасы араша түспек болғанда ер адам оған да балағат сөздер айтқан.
БҚО сотының баспасөз қызметі бұл іске қатысты: “Іс сотта қаралуда, әзірге ақпарат бере алмаймыз” деп жауап берді.