- 16 мау. 2023 00:00
- 287
Эйжн фишинг дегеніміз не және ол неліктен мәселе?
Эйжн фишинг (ағыл. asian-fishing) - жақында пайда болған жаңа термин. Адамдар оны енді ғана қолдана бастағанымен, азиялық әйелдердің фетишизация және сексуализациядан өтудің көп жылдық тарихы бар.
Эйжн фишингтің не екенін және оны проблемалы ететін себептерді қарастырайық.
Эйжн фишинг - азиялық емес адамның әдемілік үшін өзінің бет-келбетін әдейі Шығыс азиялыққа ұқсастырып өзгерту құбылысы. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін адамдар макияж, пластикалық операциялар мен фотошопты қолданады. Соған қоса, стереотипті косплейлер (япондық қыздардың мектеп формасы немесе анимеден шыққан бикештер) жасау да эйжн фишингке жатады
Азиялық патриархалдық мәдениет өздерінің әйелдері үшін бұрмаланған сұлулық үлгілерін бекітті. Осыған сәйкес, азиялық әйелдер мойынсұнғыш, жас, арық және қуқыл бетті болуы тиіс (мұны сіз музыка және кино индустрияларында байқай аласыз). Бұл сұлулық стандартын ер адамдар толығымен қалыптастырады, яғни ол әйелдер үшін ыңғайсыз және икемсіз, өйткені олардың ой-пікірлеріне көңіл бөлінбеген. Азиялық әйелдер осы стандарттардан ұзақ уақыт бойы зардап шегіп келеді және оған қарсы тұруға күш жұмсайды. Азиялық емес нәсілдің өкілдері "эстетикаға" еліктегенде, олар бұл сұлулық үлгісіне өзінен өзі сәйкес келеді, ал оның артында тұрған мәселені және тарихты түсінбейді
“Түлкі көздері” тренді қазір өте танымал. Бұған косметика немесе скотчты қолдану, көздің қиғаш әсерін жасау немесе суретке түсу кезінде көздің бұрыштарын жоғары қарай тарту кіреді. Осы құбылыстың жарқын мысалы - американдық әнші Ариана Гранде. Он жақтағы фото 2010-шы жылдары түсірілген, ал екінішісі 2021-ші жылы әншінің Инстаграм парақшасында шыққан. Көздің пішіні өзгергені байқалғанымен қатар, Ариананың сол кездегі трендте болған азиялық модаға жүгінгендігін де ғаламтор қолданушылары байқаған.
Азиялық әйелдерді фетиштендіру азиялық қауымдастыққа қатты зиянын тигізді. Азиялық емес адамдар әлеуметтік желіге "сексуалды азиялық аниме қызының" суреттерін жариялаған кезде, олар эйжн фишингпен айналысу арқылы азиялық әйелдерді фетиштендіруді қолдайды. Алайда, олар зардап шекпейді, азиялық әйелдер зардап шегеді.
CBS News хабарлауынша, "ұзақ уақыт бойы американдық азиялық әйелдердің тәжірибесінің бір бөлігі болған мизогиния мен жыныстық зорлық-зомбылық тарихын елемеу мүмкін емес. AAPI-де хабарланған оқиғалардың үлкен саны (64,8%) көптеген оқиғаларда әйелдер жыныстық қудалауды сипаттады және бір уақытта нәсілшілдікке тап болды, бұл COVID-19 жыныстық қудалау шеңберінде қару ретінде қалай қолданылатынын көрсетті".
Эйжн фишинг, ең алдымен, азиялық әйелдердің өміріне қауіп төндіреді. Ал "зиянсыз" трендтер ішкі күрес пен кемсітушіліктің көп жылдық тарихын жасырады. Осы себепті, эйжн фишинг сән болуды тоқтатып, танымал болмауы керек.
Рашид Аружан