Ф. Оңғарсынова Әже өлеңі
Сабақтың тақырыбы: «Әже». Ф. Оңғарсынова
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды Ф. Оңғарсынова өмірімен, шығармашылығымен таныстыруды жалғастыру. «Ана» туралы өлеңді пысықтап, «Әже» өлеңімен таныстыру. Әжелерге деген құрметін, сезімдерін сөз арқылы жеткізе білуге, әжені сыйлай білуге баулу
Тәрбиелілік: Әженің еңбегін қадірлеуге, адамгершілікке, кішіпейілділікке тәрбиелеу.
Дамытушылық: Тіл байлығын, ой - өрісін, шығармашылығын қаблеттерін дамыту.
Сабақ түрі: Аралас сабақ
Әдіс - тәсілі: Қызығушылығын ояту, проблемалық ізденіс, ситуациялық талдау.
Көрнекілігі: Ф. Оңғарсынованың суреті, әженің суреті, сөзжұмбақ, Венн диаграммасы, топтық тапсырмалар, шығармашылық тапсырмалар, интерактивті тақта.
Пәнаралық байланыс: музыка, математика
Сабақ жоспары:
1. Ұйымдастыру бөлімі;
- Қазір балалар, бізге қай сабақ?
- Ана тілі
- Балалар, алдымен есеп шығару арқылы екі топқа бөлініп алайық.
8+2
2+8
20 - 10
30 – 20
9 – 4
7 – 2
8 – 3
35 – 30
45 - 40
55 – 50
- Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
- Қыс мезгілі
- Қыс мезгілінен кейін қай мезгіл келеді?..............
- Көктемнің алғашқы күндерінде қандай мейрамды қарсы аламыз?.................
Иә, балалар, алдымызда аналар мейрамы келе жатыр екен.
Ендеше біз бүгінгі сабағымызды әр адамға ең қымбат адам – Аналарға арнаймыз.
Олай болса, балалар, сабағымызды бастамас бұрын ең алдымен сұрақтарға жауап берейік
- Ана тілі пәнінен қазір өтіліп жатқан тараудың аты қандай?
- Осы тараудағы мәтіндердің негізгі ойы қандай?
- Үлкенді сыйлауға баулиды. Адамгершілік қасиеттерді сіңіреді.
- Фариза Оңғарсынова кім? Ол кісі туралы не білесің?
Ф. Оңғарсынова Қазақстанның халық жазушысы Қ. Р. парламент мәжілісінің депутаты. 1939 жылы 5 желтоқсан Атырау облысы, Монаш ауылында дүниеге келген.
2. Үй тапсырмасын тексеру;
Жылу Ф. Оңғарсынова екі топтан 3 - 4 оқушыдан жатқа сұрау.
Оқушыларға сұрақтар қою арқылы бекіту;
- Ақын ананы не үшін күнге ұқсатады?
- Ана мейірімі туралы не дейсің?
- Ана сүті туралы ше?
- Ананың алақаны қандай?
- Жақсы, балалар, ана баласын жақсы көргенде қандай сөздер айтады?
- Құлыным, ботам, еркетайым, қозым
- Ананың қалауы қандай?
- Балам жақсы болып өссе дейді
- Рахмет, балалар! Сұрақтарға жауап алу арқылы өтілген сабақты толық түсінгендеріңді аңғардым.
Дүниеде адамға ең қымбат – ана екен. Ананы
ешқашан ренжітпеу керек. Өмір бақи аналарыңды сыйлаңдар. Аналарыңды арқалап Меккеге 3 көтеріп апарсаң да, ана қарызынан құтылмайсың деген сөз бар.
3. Жаңа сабақ
Оқулықпен жұмыс;
Мақалдың мағынасын ашу;
Күннің шуағы жылы,
Ананың құшағы – жылы.
Венн диаграммасы бойынша жұмыс.
Күн Ана
Күн жер бетін жылытады, ал ана үйді жылытады.
Ал анадан кейін, сендерді күтетін, еркеліктеріңе көнетін тағы кім қымбат? Оны білу үшін мына сөз жұмбақты шешіп көрейік.
Батыр, алғыр баламыз,
оқып білім аламыз.
Сөзжұмбақтар шешеміз,
Жетілсін деп санамыз.
Сөзжұмбақ шешіледі.
- Балалар, бүгінгі сабақта Әже атты өлеңмен танысамыз. Бұл өлеңді де жазған Фариза Оңғарсынова апамыз екен.
Өмірі мен шығармашылығы туралы
Фариза Оңғарсынова - Халық жазушысы. 1939 жылдың 5 - желтоқсанында Гурьев (қазіргі Атырау) облысы, Новобогат ауданына қарасты Манаш ауылында туған. 1961 жылы Гурьев мемлекеттік педогогикалық институтының тіл - әдебиет факультетін бітіріп, Балықшы ауданының Еркіндала, Октябрьдің 40 жылдығы атындағы қазақ мектебінде ұстаздық еткен.
1966 - 1968 жж. Гурьев облыстық «Коммунистік еңбек» партия тұрмысы бөлімінде әдеби қызметкері. 1968 - 1970 жж. республикалық «Лениншіл жас» газетінің Ақтөбе, Гурьев, Орал облыстары бойынша меншікті тілшісі қызметін атқарған.
Замандастар көзімен
«Фариза апамыз поэзияға қанат қағып алғаш қосылған кезден бастап, бүгінгі қазақ поэзиясының падишасына айналып, бүкіл өмірін шығармашылыққа арнады»
Нұрсұлтан Назарбаев.
«Фаризада халықтық рух бар, ол — елімен бірге, қазағынан бөлінбейтін ақын. Оның тілі жүйрік, өткірлігі мен тапқырлығы, қанағаттығы бәрімізді де қызықтыратын, қуантатын ақын. Абай бастаған ұлы ақындары бар елде қыздан шыққан Фаризасы болу да қазақ елі үшін керемет жарасым. Мен осы жарасымды көргеніме бақыттымын»
Әбділда Тәжібаев.
«Фариза - поэзияның іші мен тысын ойлай алатын ақын»
Ғабит Мүсірепов
Балалар, әже деген сөзді естігенде сендердің ойларыңа не келеді?
- Әже қандай адам?
- Әжеңнің есімі кім?
- Нағашы әжеңнің есімі кім?
- Ол қайда тұрады?
- Әжеңді соңғы рет қашан көрдің?
- Сен көргенде әжең қандай көңіл күйде еді?
- Әжең саған қандай ақыл айтты?
- Әжең сені еркелеткенде қалай атайды?
Ананың махаббатына, ананың тілегіне еш нәрсе жетпейді. Шырылдап жерге түскеннен - ақ сенің ең бір жақының, ең бір досың, ең бір ұстазың бар. Ол - ана! Ол саған бәрінен қымбат. Сондықтан да сен бір - ақ жанды білесің. Ол - ана!
Міне анаға деген махаббат туған күніңнен - ақ басталады. Ана деген ардақты ат. Ананы құрметтеп, сыйлай біліңдер! Әже - әкенің шешесі. Ел іші, отбасының бүтіндігін ойлайтын - ел анасы. Қазақ халқының заңы бойынша әжені әрбір адам танысын, танымасын оған сәлем беріп, құрмет көрсетуге тиіс.
4. Оқулықтағы “Әже өлеңін” мәнерлеп оқып беру;
5. Балаларға іштей оқыту.
6. Балаларға тізбектей оқыту
7. Сергіту сәті.
Әжелер құрметіне Асыл әжем әнін орындап сергіп алайық.
8. Дәптермен жұмыс.
Ақын қолданған сөздерге назар аудару. Сызбаны толтыру.
Ақын қолданған көркем сөздер
Мағынасы
.........
......... Ренжіп, ашуланып
Мақтап, шаттанып
9. Шығармашылық жұмыс.
1 - топ. «Әже» тақырыбында шығарма жазу.
2 - топ. «Әже» тақырыбына өлең шығару.
Мен ұйықтарда айтады
Ертегісін әндерін
(Ұйқастарын пайдаланып бір шумақ өлең құрастыру)
10. Уақыт болып жатса, ситуациялық сұрақтар беремін, жауап аламын.
Сен мектепте тәртіпсіздік істедің, әжеңді мұғалім мектепке шақырды. Сенің әрекетің? (Бәрін мойындап кешірім сұрау)
11. Қорытындылау. Балалар кімнің өлеңін өттік? Өлең кім туралы айтылған? Кім әжесін жақсы көреді? Кім әжесіне қандай сыйлық сыйлайды? Әже еңбегін қалай ақтар едің?
12. Бағалау. Белсенді қатысқан топты мадақтау.
13. Үйге тапсырма беру: Ф. Оңғарсынованың «Әже» өлеңін жаттау.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.