Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Фариза Оңғарсынова "Жылу"
Сабақтың тақырыбы: Жылу Фариза Оңғарсынова
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларға өлеңнің мазмұнын түсіндіру. Оқушылардың ана - сына деген сүйіспеншіліктерін өз сөздерімен жеткізе білуге үйрету, өлеңді жаттай білуге дағдыландыру.
2. Баланың анаға деген құрметін арттыру. Сөздік қорларын, тіл байлығын, шығармашылығын дамыту.
3. Анаға сый - құрмет көрсете білуге, ана жылуын сезінуге, мейірімділікке тәрбиелеу.
Әдіс - тәсілі: сұрақ - жауап, топтық жұмыс, түсіндіру, мәнерлеп оқу, жалғастыра оқу, шығармашылық жұмыс, модель қорғау.
Пән аралық байланыс: Қазақ тілі, бейнелеу, дүниетану, музыка
Көрнекілігі: Ф. Оңғарсынованың суреті, интерактивті тақта,
суреттер, «Ана» моделі

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық: "Жылу сыйлайық"
II. Үй тапсырмасын сұрау
1 - топ. Қабуснама – деген не? Қайқаус кім?
2 - топ. «Ата - ананы құрметтеу туралы» мәтінінің бөліктерінің шегін тауып оқу.
3 - топ. Үйге берілген "Ата - ананы құрметтеу"тақырыбына жазған
шығармаларын оқу.
- Міне, өздеріңнің ата - аналарыңа деген ізет, құрметтеріңнің қандай екенін жазған шығармаларыңнан білдік. Әрдайым ата - анаңды құрметтесең, олардың да ізгі тілектері қабыл болғаны.
- Ата - ана туралы бабаларымыздың да даналық сөздері бар.

III. Жаңа сабақ.
1. Құт береке – атаң қымбат,
Аймалайтын - анаң қымбат.
Мейірімді - апаң қымбат...
- Бұл даналық сөзді жазған адамның кім екенін білеміз бе?(Қазыбек би).
- Жүректеріңнен шыққан жылы сөздерің, мейірімділік, жанашыр - лық сезімдерің кімге арналады?
2. - Балалар, кімнің суретін көріп отырмыз? (Фариза Оңғарсынованың суреті көрсетіледі).
- Фариза Оңғарсынованың қандай өлеңін білеміз?(«Білім керек бәріне»).
Фариза Оңғарсынова. "Жылу" өлеңі
3. Фариза Оңғарсынова - Атырау облысында Новобогат ауданында дүниеге келген. Атырау педагогикалық институтының қазақ тілі мен әдебиеті факультетін бітірген, көрнекті ақын, жазушы. (мәлімет беру)
4. Өлеңді мәнерлеп оқу.
5. Өлеңді талдау. (Сұрақ - жауап).
Өлең кім туралы айтылған?
Ана құшағы
Ана жанары
Ана сүті
Ана жылуы
6. Жалғастыра оқу.
(Оқушыларға оқыту: іштей, дауыстап, тізбектей)
7. Сөздік жұмыс. (Дәптерге жазу).
Өң - бет, ажар, түс.
Жалғанда – дүниеде.
Ғұмыр - өмір.

8. Суретпен жұмыс. (Сұрақ - жауап).
Күн, Ана

(Суреттегі байланысты анықтау).
- Берілген суреттер арасында қандай байланыс бар?
- Ақын ананы не үшін күнге ұқсатады?
- Ана мейірімі туралы не дейсің?
- Ана сүті туралы ше?
- Ананың алақаны қандай?

9. Сергіту сәті
- Ана менен баланың айырмасы,
Ана - ән, бала оның қайырмасы,- деген тамаша сөз бар. «Алтын ана» әнінің қайырмасымен бойымызды сергітіп алайық.
10. Топтық жұмыс:
І топ. "Менің анам" тақырыбына ойтолғау.
ІІ топ. "Өлең ұйқастыру"стратегиясы
----------------------------------- сыйлаймын,
----------------------------------- тыңдаймын.
----------------------------------- аламын,
------------------------------------ баламын.

ІІІ топ. Ситуациялық жағдай.
1. (бәрін мойындап, кешірім сұрау)
2. (үстін қымтап жауып қою, мазаламау)

11. - Балалар, қазақтың ұлы адамдарының аналарын атап көрейікші.- Кәне, кім біледі?
Абайдың анасы - Ұлжан, әжесі - Зере; Шоқанның анасы -
әжесі - Айғаным; Ыбырайдың анасы -.
- Н. Ә. Назарбаевтың анасы кім?
12. « Даналық сөзден дән ізде» демекші, ана туралы мақал - мәтелдер айтып жіберейік.(Оқушылар білетін мақал - мәтелдерін айтады).
13. Сабақты бекіту.
Модель қорғау: Ана – Күн

Асыл жан, мейірімді, шуақ төгеді, сұлу, тілекші, қамқор, пана, ақ сүт берген, отбасының жылуы, сезімтал.

ІV. Қорытынды. 1. Топтастыру
2. Үйге тапсырма:
"Жылу"өлеңін жаттау, талдау. Ана туралы шағын шығарма жазу.
3. Оқушылар білімін бағалау.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама