- 05 нау. 2024 00:03
- 224
Фариза Оңғарсынова «Шаңырақ»
Тақырыбы: Ф. Оңғарсынова «Шаңырақ»
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Ф. Оңғарсынованың өмірі мен шығармашылығымен кеңірек танысу. Өлеңді түсініп, мәнерлеп оқыту. Негізгі идеяны ашу. Отан, туған жер туралы білімдерін тереңдету.
Дамытушылық: Сөйлеу тілін, есте сақтау қабілетін, дүниетанымын, қиялын арттыру.
Тәрбиелік: Отанды, жерді сүюге, құрметтеуге баулу.
Сабақтың типі: жаңа сабақты түсіндіру
Сабақтың түрі: топпен жұмыс
Көрнекілігі: оқулық, әдістемелік құрал, ақынның кітаптары, интерактивті тақта, «Бастауыш сынып әдістемесі» журнал №6, 2012ж
Пәнаралық байланыс: дүниетану
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық.
Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме басып ұстай тұрамын.
Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді.
Болып кетер сонда дереу жан - жағым.
Сыныпты топқа бөлу. Бағалау парағын таратып беру.
ІІ. Үй жұмысын тексеру.
Әр топқа сұрақ тапсырмалар беріледі.
1 - топ. Қаныш Сәтбаев туралы не білдік?
2 - топ. Ғалым Қаныштың бойынан қандай жақсы қасиетті байқадық?
3 - топ. Кіндікшеше деген кім?
4 - топ. «Сағыныш» деген ұғымға жазған эсселерін оқыту.
Қорытындылау. Негізгі ойды ашады.
ІІІ. Негізгі бөлім
1. Қызығушылығын ояту.
а) Сөзқатырма шешу.
ә) «Шаңырақ» сөзіне топтастыру жүргізу.
Оқушылар жауабын тыңдау, қорытындылау.
2. Мағынаны тану.
- Ф. Оңғарсынова туралы не білеміз?
Ф. Оңғарсынова 1939 жылы 25 желтоқсанда қазіргі Атырау облысына қарасты Манаш ауылында дүниеге келген. 1961 жылы педагогикалық институтты бітіріп, мұғалімдік қызмет атқарып, газеттерде тілші, журналдардың бас редакторы болған. Ол ақын, аудармашы орыс халқының жазушысы Валентин Распутиннің «Француз тілінің сабақтары» атты повесін аударған, сөз сырын ұқтыру мақсатында халқымыздың мақал-мәтелдерін талдап, мағынасын балаға түсінікті етіп жазған еңбегі «Сөз сыры» деп аталады. Бастауыш сынып және балабақша балаларына арнап «Алғашқы сабақ» атты өлеңдер жинағын шығарған.
- «Шаңырақ» өлеңінде не туралы айтылуы мүмкін? «Болжау стратегиясы» бойынша оқушылар пікірін тыңдау.
Өлеңді оқыту. Әр топтан 1 оқушы оқиды.
Сөздікпен жұмыс. Түртіп алу стратегиясы.
Ғұмырлы - өмірлі, өмір бойы
Жөргегің - баланың астына жаятын жаялық.
Сергіту сәті.
3. Ойтолғаныс.
Топтарға тапсырмалар беру.
1 - топ. Ф. Оңғарсынова ұлына «Отан» сөзінің мәнін қалай түсіндірді?
2 - топ. Отан жайлы не айта аласыңдар?
3 - топ. Отаныңа деген сүйіспеншілікті қалай жеткізер едің?
4 - топ. «Отан», «шаңырақ» ұғымдарында ортақ не бар?
ІҮ. Сабақты қорыту.
Мұғалім: Бір үйде жүз туыс бірге тұрыпты. Бәрі өздеріне жүктелген міндетті, тапсырған жұмысты атқарып, тату - тәтті тұрыпты. Мұны көрген көршісі келіп:
- Біз бір үйдегі 2 - 3 адам тату тұра алмаймыз, ал 100 туыс адам қалай тату тұрасыңдар?- депті.
- Балалар, осының себебін сендер неде деп ойлайсыңдар?
Өзара түсіністік
Сыйластық.
Еңбексүйгіштік
Мейірімділік.
Қайырымдылық.
Мұғалім: Ендеше, біздің бойымызда қандай жақсы қасиет болса, мына қасиетті «Үлкен шаңырақ», Тәуелсіз Қазақстанымыздың бір мүшесі бола аламыз.
Отан жайлы мақал-мәтелдер айту.
Ү. Үйге тапсырма.
1. Өлеңді түсініп оқу.
2. «Шаңырақ шаттығы» тақырыбына өлең құрастыру.
Бағалау