Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Көлік географиясы
Сабақтың тақырыбы: Көлік географиясы
Сілтеме: Күнтізбелік жоспар, Мұғалімге арналған әдістемелік нұсқау, СТО әдістемесі, Слайд №1 - 20
Сабақтың жалпы мақсаты: Дүниежүзі елдеріндегі көлік жүйесінің ерекшелігін, көлік кешені мен ел экономикасындағы байланыстың маңыздылығын білу.
Сабақтың нәтижесі:
1. Көлік кешенінің ерекшелігін білу.
2. Көлік түрлерінің дүниежүзі елдеріндегі таралу заңдылығын білу.
3. Көлік кешенінің экономикадағы орнының маңызды екенін білу.
Сын тұрғысынан ойлау дағдыларын қалыптастыру; жұптық, топтық жұмыстар негізде диалогтік қарым қатынасқа түсу арқылы сөйлеу қабілетін дамыту. шешім қабылдауға, басқаларды тыңдай білуге үйрету.
Қолданылған әдіс – тәсіл:
Топтық жұмыс: серіктестермен әңгімелесу, жеке оқушының өзін - өзі реттеуге түрткі тапсырма. Сұрақтар арқылы пікір алысады. Мұғалім мен оқушы арасындағы диалог; Жеке жұмыс, жұптық жұмыс түрлері қолданды.
Слайдта кесте, карта, Фото шоу, Программасы арқылы көрсетілім көрсету.

Негізгі идеялары:
«Ыңғайлы тулар» астындағы елдерге талдау жасау арқылы көліктің ел экономикасын дамытудағы басты себептерін анықтауды негізгі мақсат ете отырып берілген сұрақтарға жауап іздейді. Мұғалім жаңа сабақты өту барысында оқушылардың өз ойларын еркін ортаға салуларына баса назар аударады. Мәнін кеңірек ашуы арқылы балалардың нақты тұжырым жасауына, сыни ойлауына мүмкіндік тудырады.
Сабақтың көрнекілігі:
Проектор, жұмыс дәптері, маркер, түрлі - түсті қағаздар, дидактикалық материалдар, тақырыптық слайдтар.

Сабақ бойынша
І. Сыныпты сабақ тақырыбына сай топқа бөлу. Көлік түрлер бойынша топқа бөлу. Су көліктері және құрлық көліктері деп екі топқа бөлемін.
ІІ. Үй тапсырмасы
1. Ауыл шаруашылығының қанша саласы бар.
А. 40 Е. 21 К. 50 С. 80
2. «Жасыл революция» қай жылы басталды.
Қ. 1900ж К. 1850ж Ө. 1960ж Ұ. 1990ж
3. Жүгеріні сыртқа шығаруда алдыңғы орындағы ел.
Ә. Қытай Ө. Қазақстан Л. АҚШ У. Германия
4. Қазақстанда балықтардың қанша түрі бар.
Ш. 100 І. 180 С. 200 Д. 50
5. Астық дақылдарына жататыны.
Р. Күнбағыс И. Мақта Т. Кендір К. Бидай

Оқушылар топтық жұмыс ретінде орындап үй тапсырмасын орындайды.
1ІІ. Психологиялық ахуал тудыру. Шаттық шеңберін құрып бір – біріне жақсы тілектер айтады.
IV. Қызығушылығын ояту. Көліктердің түрлерін слайд арқылы көрсетемін де осы слайдтар туралы ментальді карта жасап сабақтың мақсатын қоямыз.
V. ЖГСО әдісін қолдану арқылы көліктер туралы мәліметтерді оқушыларға беріп оқушылар өзара түсіндіреді.
VІ. Берген материалдарды оқушылардың қаншалықты деңгейде түсінгендерін тексеру үшін төмендегі тапсырмаларды орындайды.
1. Құрақ құрау.
1. Ең жылдам....
2. Ең қымбат.....
3. Таситын жүк көлемі жағынан ең ірісі.....
4. Экологиялық лас.......
5. Көлік жүйесінің қаңқасы деп нені айтады?
6. Табиғат жағдайларының әсеріне тәуелді.....
7. Ең таза көлік....
8. Басқа көлік түріне ұқсамайтын.....
Осы сұрақтар негізінде көлік кешенінің құрамдас бөліктерін құрап шығады.
2. Нені білуге болады.
Темір жол бойынша Экономикасы бойынша
Қырғызстан -----Қытай
Қытай -----Қырғызстан
АҚШ -----------------АҚШ
Ресей ------------Канада
Канада ------------Ресей
Осы екі қатарды темір жолы бойынша және экономикасы бойынша ретке келтіріп соңында қорытынды жасайды.
3. Сәйкестендіру.
Нидерланд ---------- Темір жол
АҚШ ----------------------------Порт
Канада ------------ Эл темір жол
Швейцария -------- Құбыр жол
Ресей

VІІ. Ой толғаныс.
1. Картадағы белгісіз нысандарды анықтау.
«Ыңғайлы тулар» астындағы елдерді картадан көрсету.
VIIІ. Қорытынды.
1. БББ әдісі арқылы сабақты қорытындылау.
2. Смайлик астына өз көңіл-күйлерін білдіреді.
3. Үй тапсырмасы: Көлік кешені мен қоршаған орта арасындағы байланыс қандай.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама