- 12 қаз. 2021 00:00
- 223
Франциядағы журналистка жүйесінің сипаттамасы
Франция - журналдар елі деп аталады. Өйткені ол 15 жастан асқан адамдар арасында сатып алынған журналдар саны бойынша Евроодақ елдері арасында 1-ші орын алады. Статистикаға сәйкес, Франциядағы әр 1000 адамға 1354 данадан мерзімдік журналдар келіп отырады, одан бөлек күнделікті газет басылымынан 150 дана жылына жазылып отырады. Францияда 10 мыңнан астам түрлі басылымдар жарық көреді. Оның ішінде күнделікті 100-ден астам газет, жалпы таралымы 12 миллион дана. Ірі газеттері:"Юманитэ", "Фигаро", "Франс суар", "Ле Монд".
Француздарда көптеген жергілікті газеттер бар және күн сайын шығатын бірнеше ұлттық газеттер бар. Француздардың пікірінше, газеттер-бұл суреттер емес, ең алдымен мәтін. Маңызды ақпараттардың болуы шарт. Газеттерде көптеген түрлі мақсаттардағы жарнамаларды басып шығармауы керек, сонымен қатар ащы өсек емес, қатты материалдар болуы керек. Бірақ тепе-теңдік бірдей болуына аса назар аударады, яғни түрлі комикстер, қызықты танымал әңгімелер жиі басылып отырады. Оларда"Пари матч" сынды журнал бар, дегенмен бұл журнал емес, әлеуметтік институт. Онда француздарды мақтап, ең үздік екені жазылады. Сондықтан бұл журналдың орны ерекше. Қазіргі уақытта Францияда шамамен 1000 баспа үйі бар (айына 3000 басылым). Жыл сайын 900 жаңа басылым пайда болады, ал 1000 басылым өз қызметін тоқтатады. Негізгі экспедитор-баспагерлер басқаратын NMPP компаниясы. Сонымен қатар, баспалардың 32% - ы басқа экспедициялық орталықтармен жұмыс істейді. Экспедитор тираждарды аймақтық көтерме саудагерлерге жеткізеді, олар басылымдарды бөлшек сауда орындарына таратады. Францияда тек қана баспасөз емес, одан бөлек радио, телехабарлар да алдыңғы орында. Себебі хабарлар 19 тілде жүргізіледі. Бұл мемлекеттегі медиа саласының хабар тарату бағыты бойынша дамығандығының айғағы. Франциядаға журналистиканың ең бір дамыған жері цензураның жоқтығы. Расымен де өз сөз еркіндігімен бұл мемлекет алдыңғы қатардан ойып тұрып орын алады. Тіпті, журналист құқығы да ерекше қаралған. Мысалы, журналист пенн шенеунік соттасатын болса, журналист құқығы ерекше қорғалады, яғни сот шешімі журналист пайдасына шешілетін болады. Дәл осы журналистерге арналған құрмет аясында мемлекетті журналистика саласы расымен де 4-ші билік екенін іс жүзінде айқын көрсетіп отыр.
Франциядағы жаңалықтар таратудан негізгі басылымдар:
*"AFP" - халықаралық жаңалықтар агенттігі: жаңалықтар, жазбалар, аналитика, пікірлер.
*"L' Express" - қоғамдық-саяси және мәдени тақырыптағы Француз интернет-басылымы.
*"L' Humanite" - Француз Коммунистік партиясының газеті, 1904 жылы социалист Жан Жорес құрған. Ішкі саясат, халықаралық жағдай, экономика, әлеуметтік мәселелер, мәдениет, спорт, БАҚ мәселелері және т. б.
*"La Croix" - христиандық бағыттағы күнделікті француздық таңертеңгілік газет. Газет редакциясы оны"діни емес, конфессиялық емес" деп санайды, қоғамдық және саяси өмірдегі оқиғаларға жалпы гуманистік көзқарасты талап етеді. Негізгі айдарлар:" Франция"," Әлем"," Экономика"," дін"," ата-аналар мен балалар"," Мәдениет"," ғылымдар","Руханият".
*"La Tribune" -қор көрсеткіштерін жариялайтын және нарықтардың жай-күйін талдайтын күнделікті француз қаржы-экономикалық газеті. Саясат.
*"Le Dauphine Libere" - күнделікті француз газеті: халықаралық, ұлттық және аймақтық Жаңалықтар, Саясат, экономика, Қоғам, Мәдениет.
Ғылыми жетекшісі етіп Майкотова Ғ. Т. , ғ. к. , доцент, Әлім Ә, . А. , аға оқытушы