- 12 қаз. 2021 00:00
- 251
Германия баспасөзіне үңілсек…
Әлемдік баспасөздің қалыптасуы мен таралуында Германияның маңызы зор. Осыдан 550жыл бұрын Майн қаласының тұрғыны Иоганн Гутенберг типографиялық станок ойлап тапқан. Бұл станокта басылған алғашқы басылым- Інжіл кітабы еді. Гутенбергтің ашқан бұл жаңалығы кітап басу ісін тездетті, әрі оның нәтижесінде арзан газеттер дүниеге келді. Германияның бұқаралық ақпарат құралдары заң бойынша бекітілген “баспасөз бостандығы” деген принципті негізге ала отырып қызмет істейді. Заң бойынша: “Әр адам өз ойын ауызша немесе жазбаша білдіруге құқысы бар. Баспасөз еркіндігі, ақпарат бостандығы сақталады. Цензура жойылған”-делінген. Әрине осы еркіндікті, бостандықты кімде-кім өз мақсатына пайдаланса, шектен шығып кетсе, қойылатын шектеулер де бар. Заң бойынша редакцияның қызметіне, іс-әрекетіне жауап беретін редактор. Әрбір басылым редакция алқасының тізімін жариялап отыруға міндетті.
Соғыстан кейінгі Германия баспасөзіне тоқталар болсақ:
Германияда соғыстан кейінгі алғашқы кезең гитлеризмнің құлауынан кейін мемлекеттің бөлінуімен тығыз байланысты. Сонымен қатар, аумақтарды кімнің басып алуына қарай БАҚ-тың жаңа жүйесі қалыптасты. Батыс аумақтарда радио мен баспасөз бастыстық үлгіде қальштасты. Баспасөз жекеменшік экономикалық негізде, радио мен телеарналар - көрермеңдік құқықтық негізде қалыптасып дамыды. Кеңестік аумақтарда, кейін ГДР жерінде пайда болған БАҚ биліктегі партия мен сол кездегі басқару саясатына бағынды, жекеменшік БАҚ болған жоқ Германияның Батысында өзгерістің екі кезеңі болды. Басында бұл жерлерде басып алған орган берген лицензиямен 160 газет шығып отырған, лицензиялау тек 1949 жылы ғана алынып тасталды. Бұл кездері батыс аумақтарыңда 137 лицензиялық газет болған. Кейін саудаға бұрынғы газеттер қайта оралды. 1945 жылдары жаңа және ескі газеттер қатар шыға бастады. Тоғыз айдан кейін ФРГ-де 570 баспасөз органы жұмыс атқарды. Кеңестік аудандарда газет басу ісі партия қолына беріліп, Германияның билік басыңдағы социалистік партия өз қолыңда 90 басылымды ұстап отырды. 1949 жылы Германия құрылымның негізгі заңы БАҚ саласына көп көңіл бөліне бастады. БАҚ-тың қызметі жекеменшік жергілікті оргаңдар шығарған заң арқылы жүзеге асты. Бұл ұстаным Германияда әлі де қатаң қадағаланып, құқықка қол сұғу БАҚ туралы заң қабылданса да кез келген уақытта болып отырды. 1933 жылы сияқты бұл кезде көп газеттер саяси партияларға бағыңды. Алайда кейін жағдай өзгеріп, саяси газеттердің орнына ақпараттық басылымдар шығады. 1920-1930 жылдардағы радиохабар тарату өз ішінен ақпарат таратып жатқан елдердің экспансиялық сыртқы саяси мақсатымен тікелей байланысты болды. Бастапқыда, 1929 жылдары шетелдік аудиторияға Германия таратқан бағдарламалар, көбіне сол елдерде тұрып жатқан немістерге арналып, неміс тіліңде берілсе, нацистік мемлекет болған соң, 1933 жылдан бастап ағылшын және неміс тілінде, бір жылдан кейін испан және голанд тілдеріңде тарала бастады. Екінші дүниежүзілік соғыстың басталар алдында Германияның радиохабар тарату жүйесі жеті тілде әлемнің көптеген елдеріңде, соньщ ішінде Оңтүстік Азия, Орталық және Солтүстік Амфика, Африка және өзге де араб елдеріне тарады.