Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Фигураларды әріппен белгілеу. Кесінділер салу
Сабақтың атауы: Фигураларды әріппен белгілеу. Кесінділер салу.
Мақсаты: Кесінді және оның ұзындығы бойынша оқушылардың білімдерін пысықтау;
Кесінділерді салу және олардың ұзындықтарын өлшеу бойынша біліктерін тиянақтау және дағдыларын қалыптастыру;
Белгі бойынша жазу үшін белгілерді қолдану.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ — жауап, ой толғау.
Оқыту құралдары: оқулық, тақта

Психологиялық ахуал
Балалар бір - біріне «сиқырлы таяқшаны» бере отырып, өздерінің игілікті тілектерін айтады:
Мен бәріңе Денсаулық тілеймін!
Мен бәріңе Қуаныш тілеймін!
Мен бәріңе Мейірім тілеймін!
Мен бәріңе шуақты күн тілеймін!
Мен бәріңе көңілді ойын тілеймін! Және т. б.
– Жарайсыңдар, балалар! Енді, достарың сендерге жақсы тілектер айтып жатқанда қандай күйде болғандарыңды айта қойыңдаршы?
(Балалардың жауаптары)

Мағынаны тану
Мұғалім карточкаға жазылған «Сызық, кесінді, нүкте» сөздерін оқиды.
- бұл сөздердің барлығы сендерге кішкентай жаңалықтар ашуға көмектеседі. Сендер нүкте және кесіндімен танысасыңдар. Өткен сабақта танысқан сызық түрлерін естеріңе түсіріңдер. Оларды атаңдар. Қайшыны алып түзу сызықтың бір бөлігін екі жағынан кесіп алдыңдар дейік. Енді кесінді пайда болды. Кесінді екі жағынан нүктемен шектелген. Яғни, оның басы мен ұшы бар. Сызықты біз екі жағынан шексіз соза береміз. Т. с. с.
2. Оқулықпен жұмыс.
№1. «сызық пен кесіндінің қандай айырмашылығы, қандай ұқсастығы бар? Сызықтарды өлшеуге бола ма? Кесіндіні ше?» деген сұрақтар қою.
№2. Бізге өлшеу үшін қандай да бір өлшем керек. Алия қызыл өлшемді алып кесіндіні өлшеді. Оның өлшемін кесіндіге неше рет сиғызуға болады. Балалардың назарын бірдей кесіндіні түрлі өлшеммен өлшеген кезде, әр түрлі шама шығатынына аудару.
№3. Оқулықтағы өлшемді алып кесіндіні өлшейді.
№4. Ойлау қабілетін дамытуға жаттығулар.
Фигураларды әріппен белгілеу. Кесінділер салу жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама