Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Физикалық жұмбақтар

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы
№3 мектеп
8 сынып оқушысы: Аян Аманжан Нұржанұлы
Жетекшісі: Караева Айбарша Сардарбековна

Физикалық жұмбақтар:

Аса қажет өмірге халық үшін,

Пайдаланам күн сайын жарық үшін

                              (Электр тоғы)

* * * * *

Бар жоғын білмейсің,

Онсыз өмір сүрмейсің.

                          (Ауа-диэлектрик)

* * * * * 

Үстінде орманы, суы бар,

Сені де, мені де

Көтерген, алыпты тауып ал?

                           (Жер-өткізгіш)

* * * * *

Өзі затты құрайды,

Теңесуге таразыны сұрайды.

                               (Масса)

* * * * *

Қозғалысқа келтіріп,

Жылдамдығын береді.

Өлшемдерін қарасақ,

Ньютонға ол келеді.

                                (Күш)  

* * * * *

Жай көзге көрінбейді,

Қозғалуға ерінбейді.

                                 (Молекула)

* * * * *

Жоғарыламайды ешқашан,

Түрлендірсең егерде.

Басқа күйге ауысса,

Жұмыс істейді әрқашан.

                                   (Энергия)

* * * * *

Көтерілсе жоғары,

Ерітер мұхит мұздарды.

Төмен түссе шамалы,

Сездірер суық ызғарды.

                                  (Температура)

* * * * *

Оңынан оқы тіршілік нәрі,

Солынан оқы онсыз адам,

Өсімдік, аң, құс,

Әп-сәтте сөнер,

Тұншығып бәрі.

                            (Ауа)

* * * * *

Қос сүрлеу бар жолымда,

Екі қамшы қолымда

Міндім де екі арғымақ

Таудан түстім қарғып-ақ.

                              (Шаңғы)   


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама