Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Ғ. Мұстафин «Шығанақ» романы
7 сынып
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Төрт түлік мал мен егіншілік – ел берекесі
Сабақтың тақырыбы: Ғ. Мұстафин «Шығанақ» романы
Оқу мақсаты: Тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну, ақпараттың өзектілігін анықтау.
Қосымша ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді кесте, диаграмма, сызба шартты белгілер арқылы ұсыну.
Топтау сан есімдерін жазба, ауызша жұмыстарда орынды қолдану.
Сабақтың басы (7 мин) Психологиялық ахуал: «Жүректен жүрекке» оқушылар бір - біріне жақсы қасиеттері бойынша бір - біріне жылы лебіздерін білдіреді.
Топқа бөлу 2 мин.
1 - топ: Егіншілер: тары, бидай, арпа, сұлы, күріш, жүгері
2 - топ: Қамбар ата: Шопан ата, Зеңгі баба, Шекшек ата, Ойсылқара, бақташы, малдың пірі.
Қалыптастырушы бағалау 2 мин.
Екі топ бірін бірін - бірі бағдаршам арқылы бағалап отырады.( жасыл, сары, қызыл түстер беріледі)
Жасыл түс – өте жақсы, сары – жақсы, қызыл - қанағаттанарлық.

Кіріспе бөлім 3 мин
Миға шабуыл:
Ой шақыру: Екі бағанды сәйкестендір
1 - тапсырма
Сұрақ Жауап
Мал атасы ----------- Бота, құлын, бұзау, қозы, лақ
Мал төлдері ----------- Сұйық, ақ түсті, ұйыйтын қасиеті бар.
Сүттің қасиеті ----------- Ойсылқара, Қамбар ата, Зеңгі баба, Шопан ата, Шекшек ата
Малдың пайдасы ----------- Түйеші, жылқышы, шопан, бақташы
Кім бағады? ----------- Еті, сүті, терісі
Ғ. Мұстафин жайында АКТ - да көрсетіледі.

1 - 2 топ: Ғ. Мұстафиннің өмір дерегімен танысады.
Білу
29. 11. 1902 жылы Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы, Жауыр тауында дүниеге келген.
Ең алғашқы «Сәрсен мен Болат» әңгімесі 1927 жылы жарық көрді.
1940 жылы Қарағанды шахтерлерінің өмірінен жазылған «Өмір не өлім» атты тұңғыш романы жарияланады.
Ол 2 мәрте Ленин, 2 - дәрежелі Отан соғысы еңбек Қызыл ту ордендерімен және көптеген медальдармен марапатталған.

Ақмола облысы, Жақсы ауданы.
Подгорное орта мектебі «КММ»
Мұғалімнің аты - жөні: Абай Алтынгул
Ғ. Мұстафин «Шығанақ» романы жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама