Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Ғарышкерлер күні
Сабақтың тақырыбы: Ғарышкер күні
Сабақтың мақсаты:
1. 12 - сәуір ғарышкерлер күні туралы түсінігін кеңейту. Ғарыш, ғарыш кемесі, ғаламшар, аспан денелері ұғымдарын қалыптастыру.
2. Еске сақтау қабілетін, зейінін, тілін, байланыстырып сөйлеу дағдысын түзете - дамыту, сөз байлығын кеңейту, ұсақ қол қозғалысын, икемділігін, қиялын дамыту.
3. Зейінділікке, ұқыптылыққа, тазалыққа, елін, жерін сүюге тәрбиелеу; ғарыш туралы білуге қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, әңгімелесу, жапсыру
Сабақтың көрнектері: слайд, тақпақтар.
Қажетті құралдар: түрлі - түсті қағаздар, қайшы, желім, кортон қағаз, қорап.

Сабақтың кезеңдері
Мотивациялық - қозғаушы
Сәлемдесуі
Сабаққа көңіл - күй келтіру
Ақылы бар баласың,
Айтқан тілді аласың.
Намысты болып өссең сен,
Нағыз адам боласың!

Өлеңді талдау:
Аспан, аспан, арайлым,
Саған жиі қараймын,
Сені көзбен шоламын...
Мен ғарышкер боламын!
Ғарышкер мен де боламын,
Боламын десем, боламын.
Көктің жүзін барлаймын
Үлкен ғалым боламын,
Боламын десем, боламын
- Өлеңді кім айтып тұр?
- Ол қайда қараймын дейді?

- Ол неге аспанға қарайды?
Себебі ғарышкер болғысы келді екен.
- Ғарышкер не істейді?
Слайдпен жұмыс

1. 12 - сәуір – Ғарышкерлер күні

2. Ең алғаш ғарышқа ұшқан адам – Юрий Алексеевич Гагарин. Ол 1961 жылы 12 - сәуірде ғарышқа ұшты. Ғарыш – ол аспан әлемі. Түнде далаға шығып қарасаң, жұлдыздар жамырап тұрады. Жұлдыздар жарқ - жарқ етіп жанып, адамды қызықтырады. Осы жұлдыздарды зерттеу үшін ғарышқа ұшты. Ғарышқа ғарыш кемесімен ұшады. Оны ракета - зымыран деп те атайды. Ю. А. Гагарин жердің ғарыштан қандай екенін көрген бірінші адам. Ол домалақ жерді айналып шықты. Глобус жердің кішірейтілген моделі.

3. Қазақтың тұңғыш ғарышкері - Тоқтар Әубәкіров. Ол 1991 жылы ғарышқа ұшты.

4. Қазақтан екінші ұшқан ғарышкер - Талғат Мұсабаев. Ол ғарышқа үш рет ұшқан.

5. Өлеңді оқу.
Тоқтар ұшты ғарышқа,
Талғат болды ғарышта.
Таңғалдырып қазағым,
Тағы ұшса Марсқа.


6. Күнді айналып Жерден басқа да ғаламшарлар бар. Оларда бірақ тіршілік жоқ. Олардың аты: Менкурий, Шолпан, Юпитер, Сатурн, Нептун, Уран, Плутон.

7. Ерте заманда да аспандағы жұлдыздарды Галилео Галилей үлкейтіп көрсететін дүрбі ойлап тауып, сонымен аспандағы жұлдыздарды зерттеген.

8. Аспандағы ғаламшарлардың қозғалысы.
Сергіту сәті:
Орнымыздан тұрамыз,
Қолды белге қоямыз.
Бұрыламыз оңға бір.
Бұрыламыз солға бір.
Жаттығулар жасасақ,
Жақсы сергіп қаламыз.

9. Ғарышқа ұшатын кеме. Ғарыштық телескоп. «Мир» зерттейтін станциясы. Ғарышкер.

10. Ғарыш кемесімен ғарышқа апарылған әр түрлі спутниктер. Олар жерге әр түрлі телехабарлар, интернет, ұялы телефонмен байланыс жасалады.

11. Ғарышкер қандай болу керек?
Ғалым болам десеңіз,
Білімді жина басынан.
Ғарышқа ұшам десеңіз,
Шынықтыр дене жасыңнан.

12. Аспандағы жұлдыздардың түрлері

Толық нұсқасын жүктеу
Слайдын жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама