Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Ғарышкерлер салмақсыздық кезінде қалай кофе ішуге болатындығын көрсетті

Америкалық ғарышкер Халықаралық ғарыш станциясында капиллярлық сусындарға арналған арнайы тостағанның көмегімен кофе әзірлеуге болатындығын айтып берді.

Америкалық ғарышкер Челл Норвуд Линдгрен ( Kjell Norwood Lindgren) ХҒС-нда қалай кофе әзірлеуге болатындығын көрсетті. Мамандығы бойынша ол дәрігер, сондықтан оның негізгі іздену тәжірибелері салмақсыздықтың адамның түрлі органдарына әсері болатын. Сонымен бірге ол бірнеше қызықты тәжірибелер жасаған.

Сонымен қатар, ол осы үрдіс үшін қажетті капиллярлық сусындарға арналған тостаған құрылымы туралы айтып берді.

Капиллярлық сусындарға арналған тостағанды NASA инженерлері жасап шығарған және 2015 жылы Халықаралық ғарыш станциясында сынақтан өткізілген.

Олар осыған дейін ғарышкерлер қолданған кішкентай талы бар пакеттерді ауыстыру үшін жасалды.

Орегонның IRPI компаниясы сұйықтықтарға арналған тостағанды әзірлеп шығарды, ол капиллярлық күшті – тар кеңістікте ауырлық күшінің көмегінсіз сұйықтықтың ағу мүмкіндігін қолданады. Дәл осындай тостаған кофе әзірлеу тәжірибесінде қолданылады.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама