- 23 қар. 2016 00:00
- 425
Матвиенко ЕАЭО елдерінің студенттеріне РФ оқу орындарындағы квотаны көбейтуді ұсынды
Федерация кеңесінің спикері Валентина Матвиенко ЕАЭО елдерінің студенттеріне РФ білім ошақтарындағы тегін орындар санын ұлғайтуды ұсынды, деп хабарлайды РИА Новости.
«ЕАЭО елдерінің студенттері үшін тегін орындар санын көбейту мәселесін талқылауды ұсынамын», - деді Матвиенко ФК төрағалығындағы Интеграциялық клуб басқармасының отырысында.
Оның айтуынша, жастардың, соның ішінде ЕАЭО елдері студенттерінің Ресей оқу орындарына деген ықыласы зор, бірақ шетел студенттеріне арналған тегін орындар саны аз.
«ЕАЭО елдері, ТМД елдері жастарының біздің оқу орындарымызға деген айрықша ынтызарлығын назардан тыс қалдырмау керек», - деді ол.
Бұдан бөлек, Федкеңес спикері педагогикалық оқу орындарымен, әсіресе студенттер алмасу бағытында тығыз қарым-қатынас орнатуды ұсынды.