Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Геометриялық фигуралармен құмыраны безендіру.
Сыныбы: 4
Сабақ: Еңбекке баулу
Сабақтың тақырыбы: Геометриялық фигуралармен құмыраны безендіру.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Құмыраны түрлі түсті қағаздармен безендіруді, түстерді үйлесімді пайдалануды, геометриялық фигураларды тиімді және тиісті жерге пайдалануды үйрету;
Дамытушылық: Эстетикалық талғамдары мен ой-өрісін, шығармашылық қабілеттері мен қиялын дамыту;
Тәрбиелік: Ұқыптылық пен тазалыққа, сұлулық пен үйлесімділікке, еңбек мәдениетіне тәрбиелеу.
Сабақтың құрал-жабдықтары: құмыралар, түрлі түсті қағаздар, қайшы, желім, интербелсенді тақта.
Пән аралық байланыс: Математика.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
А) күн ретін сұрау;
Ә) оқушыларды түгелдеу;
Б) оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй жұмысын тексеру.
- Балалар, өткен сабақта біз қандай жұмыс жасадық?
- Сүт қорабынан қаламсалғыш жасадық.
- Үйге қандай тапсырма берілген болатын?
- Бір қаламсалғыш жасау үшін неше қорап пайдаландық?
- Олардың сыртын немен безендірдік?
- Оларды бір-біріне қалай бекіттіңдер?
- Жұмыстарың көңілдеріңнен шықты ма?
Оқушылардың жасап келген жұмыстарын тексеру.
Үй жұмысын қорытындылау.
- Міне, балалар, өз қолымызбен қаламсалғыш жасап үйде үстеліміздің үстіне қойып қойсақ, барлық заттарымыз бір жерде жиналып тұрады. Сүт қораптарынан және де басқа заттар да жасауға болады екен. Ол үшін бізге тек біздің қиялымыз бен ой ұшқырлығымыз қажет.
Интербелсенді тақтадан қораптан жасалған заттарды көрсету.

ІІІ. Жаңа сабақ.
- Балалар, бүгін біз құмыраны геометриялық фигуралармен безендіреміз.
- Құмыра не үшін керек?
- Геометриялық фигураларға нелер жатады?
Интербелсенді тақтада геометриялық фигуралар көрсетіледі.
-Құмыраларды әр түрлі заттармен безендіруге болады екен. Мысалы: Интербелсенді тақтада суреттерді көрсету.
- Түрлі бояулармен бояу, ермексазбен қаптан сыртына моншақтар, басқа да заттар жапсыру, гүлдер қадау, мата кесінділерімен сәндеу, тағы да басқа сәндеу жолдары өте көп екен. Бүгін біз енді құмыраны түрлі түсті қағазбен сәндейтін боламыз.
-Міне, мына суреттегі құмыралардың барлығы түрлі түсті қағаздармен сәнделген. Интербелсенді тақтада суреттерді көрсету.

ІІІ. Практикалық жұмысқа дайындық. Оқушыларды үш топқа бөлу. Әр топтың алдына бір-бір құмыра таратып беру. Әр топқа құралдарын даярлату: түрлі түсті қағаз, желім, қайшы.

ІV. Жұмыс ретімен таныстыру.
-Балалар қалай ойлайсыңдар, жұмысты неден бастаймыз?
Оқушылар ойын тыңдау.
-Ең алдымен ойласып аламыз. Қай түстен қандай геометриялық фигура жасаймыз және оны қайда орналастырамыз. Сонан кейін фигураларды қағаздан қиып аламыз. Сосын оны құмырамызға жапсырамыз. Топтық жұмыс болғаннан кейін, жарты топ қию жұмысын, ал қалғандары оларды жапсырумен айналысқаны дұрыс. Бұл жерде ескеретін нәрсе түстердің үйлесімділігі.
V. Сергіту жаттығуы.
«Жаңғырық» ойынын ойнату.
Ойын шарты: Мұғалім өлең жолдарын оқиды. Балалар әр жолдың соңғы буынын екі рет қайталап, қолдарымен жоғары көтеріп, саусақтарын ашып-жұмып, қимыл жасап тұрады.
Жиналсын бала-шаға,
Басталсын ойын жаңа.
Ал қазір уақыт қанша,
Бір сағат өтер болса,
Бола ма екі онда?
Балалар берді жауап,
Жұмысқа кіріссін енді отырып-ап.

VІ. Практикалық жұмыс жасау.
Әр топ мұғалім түсіндірген ретпен жұмыстарын бастайды. Мұғалім әр топтың жұмысын бақылап жүреді. Топтағы барлық оқушылар жұмыс жасаулары қажет.
VІІ. Жасаған жұмыстарын қорытындылау.

- Балалар, міне сендер өз қолдарыңмен құмыраны безендірдіңдер. Сендерге қай жұмысты жасау қиын болды?
-Топтарыңда жұмыс жасамаған оқушы болды ма?
-Міне, бірлесе отырып әдемі құмыра жасадық.
VІІІ. Сабақты қорытындылау.
- Балалар, бүгінгі сабақтан не үйрендіңдер?
- Құмыраны тағы немен безендіруге болады?
- Сендер немен безендірдіңдер?
- Геометриялық фигураларға нелер жатады?
- Жұмыстарың көңілдеріңнен шықты ма?
-Жасаған құмыраларың өздеріңе ұнады ма?
- Бүгінгі сабақ ұнады ма?

ІХ. Жұмыс орнын жинақтау.
Х. Үйге тапсырма. Оқушылардың қызығушылығына байланысты құмыраны басқа да бұйымдармен безендіру тапсырылады.
ХІ. Бағалау.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама