Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Германиядан Қазақстанға гуманитарлық көмек келіп жетті

Германия елінен гуманитарлық көмек келді. «Vogt Medical» компаниясы ауруханаларға қажетті медициналық құрал-жабдық жіберген. Ширек ғасыр бұрын ашылған ірі кәсіпорынның негізін қалаушы – Михаел Фогт Оңтүстік Қазақстанда туып-өскен. Туған жерге бүйрегі бұрған кәсіпкер қысылтаяң кезеңде көмегін ұсынды. 1991 жылы ашылған компания 2005 жылдан бастап, Қазақстанмен әріптестік орнатқан. Жалпы, кәсіпорын Америкадан бастап, әлемнің 70 еліне өнімін жеткізеді.

МИХАЕЛ ФОГТ «VOGT MEDICAL» КОМПАНИЯСЫНЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ:

«Қазіргі таңда Қазақстанға біз шығаратын өнімдер өте қажет. Сондықтан, маған осындай ой келді. Денсаулықсақтау министрлігі мен Германияның Франкфурт қаласындағы бас консулдықтың көмегімен осы жүкті жіберіп отырмыз. Шамамен 80 текше метр көлемінде медициналық жабдықтар бар. Өзім Қазақстанда туғандықтан, ол елдің тағдырына алаңдаймын.»

Компания жіберген көмек елордаға жетіп, оны «СК – Фармация» қабылдап алды. Бірреттік медициналық қорғаныш жабдықтары инфекциялық және басқа да ауруханаларға  таратылады.

МЕЙІРЖАН ӘБУОВ, «VOGT MEDICAL» КОМПАНИЯСЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ӨКІЛІ:

«Шприцтар бар, перчаткалар бар, бүкіл ауруханаға керекті қазіргі ахуалға байланысты керек заттың бәрі ішінде жеткілікті. Бес мың тонна ішіндегі медикаменттер.»

Кәсіпорын Қазақстанмен әріптестікті одан әрі нығайтуға мүдделі. Қазір бірқатар жаңа жобаны іске асырып жатыр. Мысалы, цифрлық диагностика саласына қажетті радиологиялық рентген құрылғыларын жасай бастады. Сапа мен қауіпсіздікті бірінші кезекке қоятын компанияның өніміне сұраныс жоғары.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама