Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 5 күн бұрын)
Гүлдер. Заттың сынын білдіретін сөздер
Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Саудакент ауылы,
Байқадам Қашқынбаев атындағы орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі Естесова Рәйлә

Тақырыбы: Гүлдер. Заттың сынын білдіретін сөздер 273 - 275 жаттығулар
Мақсаты: Оқушыларға заттың сынын білдіретін сөздерді анықтату.
Міндеті: 1. Мәтін мазмұны бойынша жұмыс жасайды.
2. Мәтіннен заттың сынын білдіретін сөздер табады, оған сөйлемдер құрастыруды біледі.
3. Топпен жұмыс барысында ұйымшылдыққа, бірін - бірі сыйлауға үйренеді
Күтілетін нәтиже: - Өз ойын еркін айтуға үйренеді.
- Заттың сынын білдіретін сөздерді игереді.
Типі: Жаңа білімді меңгерту
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: ВЕНН диаграмма, ой шақыру, топтастыру
Қажетті құралдар: маркер, А1 форматты қағаз
Көрнекіліктер: суреттер, қима қағаздар, Ө. Тұрманжановтың суреті
Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері

Сабақтың жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі ( 2 минут)
- Амандасу
- Топқа бөлу. Гүл қиындыларын біріктіріп, топқа бөлу.

ІІ. Үйрену тапсырмасы: (8 минут)
Көктем. Өлеңді мәнерлеп оқуға берілген. Топ бойынша тізбектей оқыту.

ІІІ. Мағынаны тану: ( 20 минут)
- Топқа бөлінгенде, қима қағаздан не құрастырдыңдар?
- Гүл
- Гүл ненің атауы?
- Гүлдің сен үшін қандай маңызы бар?
- Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Гүлдер
Өтебай Тұрманжанов ағаларыңның шығармасы. Бұл кісінің сендер бірнеше өлеңдерін жаттадыңдар.

IV. Топтастыру:
- Өтебай ағамыздың қандай өлеңдерін білесіңдер?
- Мәтінді мәнерлеп оқып беремін.
І топ Мазмұнын әңгімелейді.
ІІ топ Табиғат құбылыстарын табады.
ІІІ топ Таныс емес сөздерді табады. Түртіп алу кестесіне.
- Сөздік. Сөздер түсіндіріледі.
- Мазмұнын ашу. Сұрақтарға жауап беру.
- Күн күркіреп, неге рұқсат беріледі?
- Көктемнің алғашқы гүлін білесің бе?
- Жаңбырдан кейінгі табиғатта қандай өзгеріс болады?

V. Тренинг уақыты: (1 минут)
Бұйра бұлттар аунап,
Найзағайдай ойнап.
Құйды нөсер заулап,
Гүрілдейді сай жақ.
Көрінбейді тау жақ.

VI. Дәптермен жұмыс. (5 минут)
Көркем жазу минуты.
Жұмбақ шешу.
Ауыр ағашты тосуға ұста,
Тұмсығы ұзын, құйрығы қысқа (піл)

Жасырын сөздерді табу. 3 топқа тапқызу
_________ ағаш
Тұмсығы _________
Құйрығы _________

Қандай? Сұрағына жауап беретін сөздерді табу.

VII. Ой қорыту. ( 5 минут)
Бекіту
І топ Сабағы
1. Заттың түсін ажырату үшін қойылатын сұрақ. (қандай)

ІІ топ Жапырақ
Ақ сөзіне (түсіне) мағынасы қарсы сөз
ІІІ топ Гүл күлтесі
4 күлтеге
Тар, ұзын, биік, түзу.
- Гүлді жасай отырып, нені білдіңдер?
- Сабағы, жапырағы, күлтесі барын білдік.
- Гүлдің пайдасы бар ма?
- Зиянды жағын кім біледі?
ВЕНН диаграммасын жасау

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама