Photo: Francesco Ungaro (https://www.pexels.com/@francesco-ungaro) / Pexels
- 17 нау. 2026 06:30
- 23
Гүлнұр Оразымбетова Димаш Құдайбергеннің киелі шаңырағына барды
Танымал әнші Гүлнұр Оразымбетова әлемге танымал әнші Димаш Құдайбергеннің отбасымен кездесіп, олардың киелі шаңырағында қонақта болды. Бұл туралы әнші өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
«Қасиет қонған шаңырақ»
Гүлнұр Оразымбетова Айтбаевтар әулетінің үйінде болған кездесуден алған әсерлерін жазбаша жеткізді. Ол бұл жерді «қасиет қонған шаңырақ» деп атап, аналардың басын қосып, дастархан басындағы әңгімелердің тамаша болғанын айтты. Сондай-ақ, әнші киелі мекенде туылып, тәрбие алған Димаштай таланттың тегінің тереңдігіне тағы бір көз жеткізгенін атап өтті.
Желі қолданушылары Гүлнұр Оразымбетованың жазбасына жылы лебіздерін білдіріп, ақ тілектерін жаудырды.