Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Гидросфераның құрамдас бөліктері мен қасиеттері, су айналымы
Ашық сабақ.
География 10 сынып
Сабақтың тақырыбы: Гидросфераның құрамдас бөліктері мен қасиеттері, су айналымы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Гидросфера оның құрамдас бөліктерімен оның құрамы және су айналымы туралы түсініктерін кеңейту.
Дамытушылық: Гидросфера туралы білімдерін одан әрі дамыту. Оқушылардың географиялық ой - өрісін дамыту. Жалпы оқу іскерліктерін үйрену, жалпы табиғат туралы оқушылардың көзқарастарын дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, танымдық қызығушылығын дамыту, географиялық ойлауын қалыптастыру.
Тәрбиелік: Оқушылардың өз ойларын жеткізе білу, қарым - қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру.
Сабақтың көрнекілігі: Дүниежүзінің саяси картасы, атлас, кескін карта, кесте
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: Іздену.
Сабақтың тәсілі: Топпен жұмыс, сұрақ - жауап.

Сабақтың барысы: I Ұйымдастыру кезеңі
II Үй тапсырмасын тексеру
III Жаңа сабақ
Үй тапсырмасын тексеру: Тест “Ауа райы, климат және олардың жіктелуі”
Қорытынды сұрақтар: 1) Ауа райының ең басты элементтеріне не жатады?
2) Климаттың өзгеруіне әсер ететін қандай факторларды білесіндер?
«Қызығушылығын арттыру» “Гидросфера” туралы не білесің?
1) Су – тек мұз түрінде кездесетін ғаламшарды ата?
2) Судың көп бөлігін алып жатқан гидросфераның бөлігі / яғни 97 %- ын не құрайды?
3) Су қабығы дегеніміз не?
4) Мантиядағы су мөлшері қанша км?
5) Гидросфераның тығыз байланыстағы қабығының бірі ол не?
6) Мұхиттардағы, атмосферадағы, өзендердегі, көлдердегі, мұздықтардағы, жер астындағы сулар үнемі неде болады

Жаңа сабақ
Тақырыбы: “ Гидросфераның құрамдас бөліктері мен қасиеттері, су айналымы”.
«Гидросфера» туралы видео
«Мағынаны тану» (оқушылар мәтінді оқып, танысады)
Топтық жұмыс:
1-топ. Гидросфераның құрамдас бөліктері мен қасиеттері
2-топ. Табиғаттағы су айналымы, оның маңызы.

Сабақты бекіту: Сәйкестендіру тесті
Рефлексия: (ой пікірлерін жазу)
1. “Гидросфера” туралы мәліметтер ұнады ма?
2. Қиын ақпараттар болды ма?

Бағалау: Бағалау парағы бойынша оқушылардың бағасын қою.
Үйге тапсырма: 1. §11. Оқу және сұрақтар мен тапсырмаларға жауап беру (56 бет)
2.«Су – тіршілік көзі» тақырыбына реферат жазып келу.
Қорытынды: Гидросфера туралы біз су көзі екенін білдік. Жер шарында су 79 %, ал 21% - ын құрлық алып жатыр.

«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімі
Ғ. Қайырбеков атындағы №9 орта мектебі» ММ
Пән мұғалімі: Акатай Р. Е.
Гидросфераның құрамдас бөліктері мен қасиеттері, су айналымы. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама