Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту және қызығушылығын арттыру факультатив сабағының бағдарламасы 5 – сыныпқа арналған.
Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту және қызығушылығын арттыру факультатив сабағының бағдарламасы 5 – сыныпқа арналған.
«Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту және қызығушылығын арттыру» үйірменің бағдарламасы (5 сынып)
Аптасына 1 сағ., барлығы 34 сағ.
Мақсаты: Оқушылардың математикаға қызығушылығын арттыру, есепті дұрыс шығара білуге үйрету.
Міндеті:
1. Оқушылардың математикалық білім мен біліктілігін арттыру.
2. Оқушылардың ойлау қабілетін арттыру.
3. Оқушылардың ауызша есептеу технологиясын меңгеру.

Түсінік хат
Адамның ерекше қасиеттерінің бірі – есепті дұрыс шеше білу. Біздің басты мақсатымыз – оқушының математикаға қызығушылығын арттыру, есепті дұрыс шығара білуге үйрету.
Ұсынылып отырған бағдарлама математикадан дайындағы әр түрлі дәрежедегі оқушыларға арналған. Бағдарламадағы материалдар математиканы енді - енді ғана түсініп келе жатқан оқушылар үшін, бұрыннан математикамен айналысып, әр түрлі қиындықтағы есептерді шығарып, өзінің математикалық ойлау қабілетін оқулыққа қосымша құралдар арқылы дамытып жүрген оқушылар үшін де, болашақта математик болғысы келетіндерге арналған.
Бағдарламаға енген тақырыптар әр түрлі. Оның ішінде математикалық ойындар, ауызша есептеу тәсілдері, математикалық тестер мен есептер бар. Ұсынылған материалдарды факультативтік сабақтарда, үйірме жұмыстарында, сол сияқты математикалық кеш, викториналар өткізу үшін де кеңінен пайдалануға болады.

Құрастырған: Сахатай Төлеухан
Н. Наушабаев атындағы Затобол
мектеп - гимназиясының математика пәні мұғалімі
Логикалық есептер мен тест жинағы. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама