Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 сағат бұрын)
II кішкентайлар тобында сурет сабағына арналған сабақ үлгілері
II кішкентайлар тобында сурет сабағына арналған сабақ үлгілері.
Жас маманға көмек.

Баланың жан - жақты дамуына әсер ететін басты тәрбие эстетикалық тәрбие беру. Оған сурет салу, жапсыру, құрастыру, мүсіндеу сабақтары арқылы бала өзін қоршаған туралы өз түсініктерін қалыптастырып, дамиды. Сондықтан да мектеп жасына дейінгі бала үшін бейнелеу өнерінің маңызы зор. Бұл балаға зор қуаныш сыйлап, жағымды көңіл күй қалыптастыра отырып, шығармашылық қабілетінің дамуына зор ықпал етеді.

Бейнелеу өнері сабақтары басқа сабақтармен тығыз қарым - қатынаста болуы керек. Мысалы сурет сабағында дөңгелекке ұқсас заттарды салған кезде матеметика сабақтарында шеңбермен таныстыру, тіл дамыту сабақтарында доп туралы тақпақ жаттатқызу, мүсіндеу сабақтарында доптарды мүсіндеу ұсынылса дөңгелек туралы түсініктері жақсы қалыптасады. Берілетін тақырыптар балаларды қызықтыратындай таныс болуы қажет.

Бейнелеу өнері сабақтарының негізгі мақсаты балалардың шығармашылығын арттыру болғандықтан сабақта баланың белсенділігін, өз бетімен жұмыс істеуіне жағдай жасалғаны дұрыс. Сабақтарда үлгіні көп жағдайда қолданбау керек. Тек балаларға таныс емес әдіс - тәсілдерді қолдану кезінде қолданған жөн. Сабақ соңында тәрбиеші балалардың жұмыстарын түгелдей тақтаға іліп, талқылайды.

Талқылау міндетті түрде әр сабақ соңында жүргізіліп отыруы тиіс. Сонда бала өз ойын сурет арқылы бере білуге, әр түрлі әдіс - тәсілдерді қолдана білу жолдарын игереді. Нәтиже тапсырмамен байланысты болуы қажет. Талқылау балалардың белсенді араласуымен өткені дұрыс. Талқылауға тәрбиеші бағыт беріп отырады. Кіші топтарда сәбилер суреттердің ашық түсті бояуларына қуанса, үлкен топтарда талап күшейе түседі. Олар гүлдің сабақтары мен жапырақтары салынды деп айтып қоймай, гүлдер алқызыл, жапырақтары ұзыншақ жасыл, сабақтары сәл иіліп тұрғандай деп сипаттама береді. Екінші кішкентайлар тобында саусақпен салу әдісін қолданбаған жөн. Өйткені балалар бояуға қызығып оны ауыздарына салуы мүмкін. Тәрбиешінің дауысы жайлы, құлаққа жағымды естілуі керек.

Сурет салу барысында әртүрлі саусақ жаттығуларын қолданып отырса, баланың ұсақ қол моторикасы дамып, есте сақтау қабілетінің дамуына көп септігін тигізеді. Баланы қазақ халқының керемет қол өнері туралы түсініктерін терең дамыту мақсатында екінші кішкентайлар тобынан бастап ұлттық ою - өрнкетерді қолданып әртүрлі суреттерді салуды ұсыну. Келесі топтарда ою - өрнектермен таныстыру жалғаса береді.

Балалардың жұмыс нәтижелерін ата - аналармен бірге қарап, талқыласа, бала өзіне назар аударғанын сезіп, өз бетімен жұмыс істеуге деген талпынысы күшейе түседі. Балалардың сурет көрмесін балабақшада жиірек ұйымдастыру керек. Әр балаға жеке жұмыс папкасын ашып, баланың еңбектерін түгелдей жинақтап отыру қажет. Бұл баланың жұмысының нәтижесі мен жеткен жетістіктері, алда қандай бағытта жұмыс істеу керектігінің көрсеткіші болып табылады. Оны баланың ата - анасымен талқылаған жөн. Сабақ үлгілерін жазған кезде әртүрлі методикалық нұсқаулар мен балалар журналдарынан үзінділер қолдандым. Қазақ тілінде әдістемелік нұсқаулықтар өте аз. Сондықтан да тәрбиешілер орыс тілінен аударады немесе әртүрлі журналдардан жинақтайды.

Бұл сабақтар сіздерге ұнаса ересектер тобына арналған сабақтарды да ұсына аламын. Тәрбиешілер сабақтарға әртүрлі жұмбақтар мен өлеңдерді, жаңылтпаштарды қосуларына болады.

ІІ кіші топ
Тақырыбы: Қағаз, қарындашпен таныстыру.
Мақсаты: Балаларды қарындашпен сурет сала білуге үйрету. Ойлай білу қабілетін дамыту. Әсемдікті сезіне білуге тәрбиелеу.

І. Ұйымдастыру кезеңі.
Балаларға қағаз, қарындаш көрсетіп, оларға қағазда қарындашпен сурет салуға болатынын түсіндіру. Оң қолымен қарындашты қалай дұрыс ұстай білуге болатынын көрсетіп, ал сол қолымен қағазды ұстап тұру керектігін көрсету. Қағазға әр түрлі сызықтар салып көрсету (ирек, түзу, қисық сызықтар).
Қағазға түскен сызықтарға назар аудару. Ол сызықтарды белгілі бір заттарға ұқсату.
Балаларға қарындашты ұстап сурет салуды ұсыну. Сурет салу барысында балалардың қарындашты қалай ұстағанына назар аудару. Не салғандарын сұрау.
Біз не білдік?
- Қарындаштар әр түсті болады.
- Олармен әр түрлі заттарды бейнелеуге болады.

2. Сурет
Ақ жауын
Керекті зат: көк түсті қарындаш.
Мақсаты: қоршаған ортаға болған әсерін бейнелей білуге үйрету. Сурет салуға деген ынтасын дамыту. Табиғатты сүюге тәрбиелеу.
Жау - жау, жаңбыр, жау жаңбыр,
Жердің шаңы басылсын
Гүлдің аузы ашылсын
Еккен егін көктесін
Бізге нанды көп берсін
Бау - бақшалар гүлденсін.

Сендер жаңбыр жауғанын бақыладыңдар ма? Жаңбыр жоғарыдан төменге қарай жауады
Жерге түскен тамшылар судан жасалған жіптей болып көрінеді екен. Жаңбыр тамшыларын салудың бірнеше әдіс - тәсілдерін көрсету. (қысқа, ұзын сызықтар, нүктелер). Қарындашты дұрыс ұстатып, өздеріне сурет салуды ұсыну. Сурет салу тәсілінің дұрыстығына назар аудару. Сабақ соңында барлық суреттерді қарап, қай жерде күшті нөсер, қай жерде ақ жауын бейнеленгенін таңдап алу.

Біз не білдік?
- Жауын табиғат құбылыстарының бірі.
- Жауын тамшылары ұзын, қысқа сызықтарға ұқсайды. Олар түзу.

3. Түрлі түсті жіптер
Мақсаты: түзу сызықтарды жоғарыдан төмен қарай салуға үйрету. Қарындашты дұрыс ұстай білу қабілетін дамыту. Әдептілікке тәрбиелеу.
Барысы: Балаға қағазға жапсырылған жіптерді көрсету. Жіптер жуан, түстері ашық болуы қажет. Олардың түзу екендігіне назар аудару. Саусақпен жіптің үстін сипалау. Балаларға сурет салуды ұсыну. Қарындашты дұрыс ұстауына назар аудару. Бояуларды ауыстырып, бояуларына қолдау жасау. Сабақ соңында балалардың назарын қаншама түрлі түсті жіптер салғанына аудару.

Біз не білдік:
- Жіптер түрлі түсті болады.
- Сызықты жоғарыдан төменге қарай салуға болады.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама