Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 14 сағат бұрын)
Іле құртқашашы

Іле құртқашашы — биіктігі 40 сантиметрге дейін жететін, көп жылдық, шөп тектес өсімдік. Тамыры жуан, ақ түсті, көптеген қосымша тамырлары бар. Сабағы жоғарғы жағында бұтақтанған. Тамырдан өсіп шыққан жапырақтары семсер тәрізді. Сабақтан өсіп шыққан жапырақтары сопақшалау болып келеді. Гүлдері — ірі, өте әдемі, көкшіл түсті. Сәуір-мамыр айларында гүлдейді. Іле бойындағы шабындықтарда, құмды жерлерде қалың болып өседі. Кейде сәндік өсімдік ретінде де егіледі.

Қазақстанда құртқашаштың 21 түрі бар. Осылардың ішінде қылыш құртқашашы, орыс кұртқашашы, сібір құртқашашы, ірі жапырақты құртқашаш және тағы да басқа түрлері кездеседі. Дәрілік мақсат үшін құртқашаштың тамырын қазып алады. Оның құрамында эфир майлары, иридин гликозиді, қант, крахмал, майлар бар. Тамырынан жасалған дәрілердін қақырық түсіретін, іш түйіліп ауырғанда тыныштандыратын қасиеттері бар.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама