- 09 жел. 2021 00:00
- 295
Өмір туралы өлеңдер
Билік, байлық, бұзар, бұзар пендені,
Ар-ұяты, ақыл-есі кендені.
Айықпайтын душар болдық дертке бір,
Табылмас-ау оның әттең енді емі.
Басы айналып қолдың кірі байлықтан,
Көріп қорлық, көңіл шіркін, шайлықтан!
Өкінішпен өтер өмір бекерге,
Билік, байлық болмас жолдас мәңгілік.
* * * * *
Арманым
Арманым –
Адам болсам ар сүйетін,
Алла деп бастайтұғын әр ниетін.
Арманым –
Әйел болсам – «Ана» кейпім,
Шаттық құрып, ботақанын әлдилейтін.
Арманым –
Адал болсам ақ сөйлейтін,
Қызметі үшін еңбектеніп, ерінбейтін.
Иншалла,
Үш арманым орындалса,
Тағдырыма ризамын «өмір» дейтін!