Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 сағат бұрын)
Иран армиясы жауларына үндеу тастады: кез келген шабуылға дайынбыз

Иран Ислам Республикасының армиясы ел жауларына қатысты мәлімдеме жасап, кез келген қауіп-қатерге төтеп беруге дайын екенін жеткізді. Бұл туралы ирандық Fars агенттігі хабарлады.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Мәлімдемеде «Иранның Қарулы күштері, әсіресе мақтаншақ және батыр ирандық армия, бүгін джихад рухымен, Иран-Ирак соғысының баға жетпес тәжірибесіне сүйене отырып, ел жауларына қарсы тұруға дайын», - делінген.

Айта кетейік, бұған дейін АҚШ Иранға қарсы жаңа соққылар дайындап жатқаны туралы ақпарат тараған болатын. Алайда, кейіннен АҚШ президенті Дональд Трамп дипломатиялық процеске уақыт беруді жөн көргені хабарланды.

Жаңалықтар

Жарнама