Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 36 минут бұрын)
Ирандағы балалар Лионель Мессидің футболкасын өртеді

Ирандағы "Әл-Құдс" күніне арналған шеруде балалар Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Мессидің футболкасын өртеді. Бұл туралы Fars агенттігі хабарлады.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Оқиға Боруджерд қаласында болды. Әлеуметтік желіде тараған видеода жасөспірімдер АҚШ пен Израильге қарсы ұрандап, футболшының аты-жөні мен нөмірі жазылған футболкаларды жағып жатқаны көрінеді.

Неге бұл болды?

Бұған дейін "Интер Майами" командасының ойыншылары 2025 жылдың қараша айында MLS кубогын жеңіп алғаннан кейін Ақ үйге шақырылған болатын. Сол кезде Месси мен командаластары АҚШ президенті Дональд Трамптың Таяу Шығыстағы операция туралы айтқан сөздерін қолдап, қол соққан. Бұл әрекет футболшының жанкүйерлері арасында наразылық тудырды.

Әлеуметтік желілердегі пікірлерде жанкүйерлер: "Әлем чемпионатын ұтылсаңдар екен", "Сүйікті ойыншымнан айырылдым", "Марадона мұндайға бармас еді!", "Кешір, бауырым, енді саған жазылмаймын" деп жазды.

Жаңалықтар

Жарнама