Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Ізбастының назы

Қарабалық Қостан деген момын адамның жеріне Қошқарұлы Жәнібек баса көктеп қонып алады. Қостан Жәнібекке тайсақтап тура бара алмай, ағайындас Ізбастыға барып айтады.

— Батыр Жәнібек көшіп келіп жеріме қонып, малын жайып жіберді. Бұл зорлыққа көне алмай саған келдім, не ақыл айтасың? — дейді Қостан.

— Жарайды үйіңе жүре бер, өзім Жәнібекке барайын, — депті Ізбасты.

Кешікпей Ізбасты Жәнібекке келіп амандық, саулықтан соң:

— Ассалаумағалайкум Жәнібек!

Атаның сай, атың сай,

Көшсең нуға жетесің.

Кетпенің сай, шотың сай.

Қазсаң суға жетесің.

Жорықта көп жортқансың,

Білесің жолдың төтесін.

Ерегіскен жауыңды,

Жермен жексен етесің.

Қалың жатқан қазақтың,

Баласына — әкесің.

Көбісіне — көкесің.

Жәбірлеме жарлыны,

Жанышпа батыр жалғызды,

Дүниеден сен де өтесің,

Кеңінен толғап кеңесіп,

Кедейдің бұзба кепесін.

Ертең өзің өлгенде,

Артыңда адыра қалатын,

Бір жырымдай сайды

Сен не етесің? — депті. Сонда Жәнібек батыр:

— Менен не сұрайсың? — депті.

Ізбасты би:

— Сен қайдан да жер аласың. Мынау аз үй Қостан (Омар Шипиннің жазуынша Қостанай) ешқашан жер ала алмайды. Сен мұның жерінен көш, — дейді.

Ізбасты


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама