Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Іздегенде табылатын қасыңнан
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың «достық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.
Сабақтың міндеті:
1. Достық қарым - қатынастың өмір сүруге ықпал ететін факторларының бірі екенін түсіндіру;
2. Шынайы дос қандай болатыны туралы түсінік беру;
3. Адал достық пен амал достықты ажырата білуді үйрету;
Көрнекілігі: оқулық, дәптер, үнтаспа, ұлағатты сөздер, түрлі - түсті қағаз, плакат, түрлі - түсті стикерлер.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілдері: мәтінмен жұмыс, сұрақ - жауап, ойын, дәптермен жұмыс, шығармашылық жұмыс.

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
1. Оқушылармен сәлемдесу.
2. Оқушыларды түгендеу.
3. Сабаққа даярлығын тексеру.
Үй тапсырмасын сұрау
Шаттық шеңбері.
Балалар, бәріміз шаттық шеңберіне жиналайық. Енді бір - бірімізге бүгінгі күніміздің тамаша өтуіне арнап, бір - бірімізге гүлдер ұсыну арқылы жақсы тілектер айтайық.
Әңгімелесу
- Достық деген не? Оны қалай түсіндірер едіңдер?
- Сенің нағыз досың кім?
- Сыныптас пен достың айырмашылығы бар ма?
- «Адал достық» дегенді қалай түсінесіңдер?

Мәтінмен жұмыс.
Екі дос
Екі дос бір егістікте жұмыс істейтін. Бірінің отбасы, балалары бар, ал екіншісі жалғыз басты еді. Күн батқанға дейін жұмыс істеп, достар тапқан өнімді тепе - тең етіп екіге бөліп алатын. Бір күні жалғыз басты адам ішінен: «өнімді және шыққан пайданы тепе - тең бөлгеніміз дұрыс болмады, мен жалғыз тұрамын, сондықтан да айтарлықтай көп қажеттілігім де жоқ» деп ойлады. Осындай оймен, түн сайын бір қап өнімді досының үйінің алдындағы сарайға жасырын апарып тұрды.
Досы да ішінен: «Өнім мен пайданы бірдей бөлгеніміз дұрыс емес, менің отбасым бар, қартайған шағымда олар маған қарайды. Ал досымның болса ешкімі жоқ, қартайған кезінде оған қарайтын адам болмайды.» деп ойлайды. Осылайша бұл да түн жамылып, үйден шығып досының қорасына өнімді апарып тұрады. Алайда қорадағы қаптардың саны неліктен азаймайтынына екі дос та түсінбей жүреді. Бір түні бір - бірінің қорасына жасырын қап тасып жүргенде, олар кездесіп қалады. Сонда ғана олар болған жайдың мәнін түсінеді. Қаптарды жерге қоя салып, достар құшақтаса кетеді.
- Достардың бір - біріне деген адал ниеті мен достығын қалай бағалар едіңдер?
- Өз достарыңа қалай көмек көрсетіп жүрсіңдер?

Тыныштық сәті
Балалар денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныстаңдар, айналадағы барлық тіршілік иесі сендерді аялап, қоршап, қамқор болып жатқанын сезініңдер. Тұла бойларың жақсылыққа, махаббатқа толғанын сезінуге ұмтылыңдар.

Ойын
Оқушылар таңдап алған әріптерін пайдалана отырып сұрақтарға жауап беруі тиіс.
Үлгі: А - әрпі
- Сен досыңды қалай жақсы көресің?
- Адалым, ардағым …
- Өмірде дос болмаса не болар еді?
- қиын, қызық емес
С - әрпі
- Досыңды неліктен жақсы көресің?
- Сырлас, сымбатты болғандықтан….
- Сенің досың қандай?
- әдемі, әсем
- Досыңмен қалай араласасың?
- еркін, ерекше
- Досыңның қандай мінезі ұнайды?
- жайдарлы, жарқын, жанашырлық

Дәптермен жұмыс.
Дәптеріміздегі осы тақырыпқа байланысты 1 тапсырманы орындайық.
«Қарым - қатынас қандай жағдайда достыққа ұласады?»

Дәйексөз.
Дос адам артық сұрамайды. ( Махмұт Қашқари)
Дос достың кемшілігін кешіре береді. (Жүсіп Баласағұн)
Досы жоқпен сырлас, досы көппен сыйлас. (Абай)
Достарының сәтсіздіктеріне әркім көңіл айтып, аяныш білдіре алады. Бірақ досының жеткен жетістіктеріне қуана алатын адам кемде - кем. (Оскар Уайльд)
Сергіту сәті.
Алдымызда алма ағашы тұр деп елестетейік. Алма ағашы өте үлкен. Одан алма алу үшін қолымызды жоғары көтерейік. Қане тағы қолымызды созайық, аяғымыздың ұшымен тұрайық.
Жағдаятты шешу.
1. Талғат қанша әуреленсе де, есепті шығара алмай қойды. Мектепке келе сала көршісі Зейнептің дәптерін сұрап, одан көшіріп алды. Алғашқыларын көшіріп, келесі есепке келгенде Зейнептің қатесін байқап қалды. Бірақ Талғат өз дәптеріне есептің шешуін дұрыстап жазды. Алайда ол бұл туралы Зейнепке айтқан жоқ.
2. Сен асығып барасың, ешқандай кешігуге болмайтын кездесуің бар. Досың саған тез келіп кетші, бір жағдаймен өте қатты қысылып тұрмын деді. Сенің әрекетің.

Ойын.
«Достық неден басталады, достыққа не жарасады»?
(Ойынды сигналды қима қағаздар арқылы ойнайды)
Шарты: Егер мен айтқан оймен келіссеңдер жасыл түсті көтереміз, егер келіспесеңдер сары түсті көтересіңдер.- Достық танысудан бастала ма?
- Достыққа қамқорлық жараса ма?
- Достық төбелестен бастала ма?
- Достыққа мейірімділік жараса ма?
- Достық ренжісуден бастала ма?
- Достыққа адалдық жараса ма?
- Достыққа татулық жараса ма?
- Достық ұйымшылдықтан бастала ма?
- Достық бірліктен бастала ма?

Шығармашылық жұмыс. (Оқушылар топқа бөлініп, плакатқа сурет салады.)
Қорытынды:
Бүгінгі сабақтан не алдыңдар? Не үйрендіңдер?
Жүректен - жүрекке:
Енді сіздерді «жүректен жүрекке» айдарына шақырамын. Ортада қобдиша тұр. Онда түрлі түсті жүрекшелер бар. Кімге қай түсті жүрекше ұнайды, соны алайық.
Қызыл – адамгершілік, сары – адалдық, қызғылт – мейірімділік, көгілдір – сүйіспеншілік, жасыл - әдептілік, көк – ізеттілік, ақ – қайырымдылық. Осы қасиеттер бойларыңызға дари берсін.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама