Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Жасөспірімнің мінезіндегі ерекшеліктер
Мақсаты: ата - аналарды жасөспірімдік кезеңнің ерекшеліктерімен таныстыру.
Ата - ана мен жасөспірімнің қарым - қатынасын анықтау.
Ой тастау «Баланы мақтау жетілдірмейді, Тәрбиелеп баптау жетілдіреді, Балаға өз тіліңмен сөйлеме, өз тілімен сөйле, Баланы туады екенсің бірақ мінезін тумайды екенсің» (халық мақалы)

Отбасы - адамның өте маңызды, өте жауапты жанұясы. Отбасы - адамның бақыты, толық мәнді тыныс – тіршілік ортасы. Отбасының ең маңызды қызметтерінің бірі - тәрбиелеушілік міндеті. Оны қоғамдық тәрбиенің ең тиімді деген жүйесі де алмастыра алмайды. Ата - ананың басқа да отбасы мүшелерінің өмір сүру тәжірибесі, жүріс - тұрысы, өз міндеттерін таза атқаруы, бір - бірін құрметтеп сыйлауы - бәрі де үлкен тәрбие мектебі және тәрбиелік мәселе. Балаңыздың үздіксіз дамуы, шығармашылық қабілетін іске асыруы отбасынан басталады. Сыртқы ортаның ерекше әсер ететін кезеңі жасөспірім кезеңі. Көптеген балалар жасөспірім шағында қатты өзгереді. Жуас, мейірімді, тілалғыш балалар бірден дөрекі, бірбеткей болып шыға келеді. Әрине мұндай дөрекіліктер ата - аналарды, ұстаздар қауымын ренжітіп жандарын ауыртып жатады.

Баланың 13 жастан кейінгі өтпелі жасында біршама проблемалар туындайды. Күн өткен сайын бала мінезіндегі бұл өтпелі кезеңнің соңы, үлгерім сапасының төмендеуі, нашар тәртіпке әкелу қауіпі туындайды. Мұндай жағдайда шыдамды болу керек. Балаңыздың мінезіндегі өзгерісті шыдамдылықпен, ақылмен, төзімділікпен жөнге сала біліңіз.
Бұл жағдайдың алдын алуға төмендегі кеңестер көмектесе алады.
1. Еркіндік беріңіз: Байсалдылықпен ой қосқаныңыз абзал.
2. Ешқашан ақылгөйсімеңіз. Көптеген жасөспірімдер өздерін мезі ететін ақыл сөзден қашқақтайды Есіңізде болсын, балаңыздың өзіндік көзқарасы, өзіндік құқығы, өз еркі бар. Сіз бағыт және байсалдылықпен баға бере біліңіз.
3. Балаңызбен ымыраға келе біліңіз. Реніштен түсінбеушіліктен ешкім ешнәрсе ұтпайды. Қарым - қатынас түрін өзгертіңіз. Баланың мінезін ақшамен түзеймін деп қалтасын ақшаға толтырмаңыз.
4. Кім ақылдырақ, сол кейіндейді: Ренішке сабыр болса ұрыс тез басылады. Келіспеушілік бастау алған жағдайда біреуі басыңқылық таныту керек Мұндай жағдайда қызу қанды балалар өз - өзіне қол жұмсаудан тайынбайды.
5. Ренжуге болмайды, шыдамды болыңыз. Ұрысты қоя тұрыңыз, бала жанын ауыртатындай жағдай туғызбаңыз. Кешегі өткен болмашы нәрсені еске түсіріп ұрысты таңертең ұйымдастыруға болмайды, өйткені сабақта отырған баланың психологиясына кері әсерін тигізеді. Бала жанын ауыртатын сөздерді жиі қолданбаңыз.(сені дүниеге бекер әкелдім, сенің мұндай болатыныңды білгенде балалар үйіне жіберетін едім, әкеңе айтып жаныңды шығартамын. Ертең кештерге баратын кезде ақша бермеймін. т. б) Бала қиындықтан шығуды үлкендерден үйренеді, сондықтан сабырлы болу қажет.
6. Сіз өзіңіздің айтқан сөзіңізде тұрыңыз. Балалар нәзік психологтар. Олар үлкен адамның әлсіз жағын тез байқайды. Бала алдында ата - ана беделі жоғалмау керек. Үлкендер өздері шыдымсыздығын байқатса, онда жасөспірімнен жақсы нәтиже күте алмайсыз. Баланы өзіне жақын тартып жақсы көре білсеңіз, «менде бәрі жақсы, мен жақсымын» деген ой келсе онда балада сенімділік пайда болады. Егер баланың барлық іс әрекетін жаман деп іске алмасаңыз, менде бәрі жаман, жақсының өзін жаманға шығарады деген ой мазалап, балада өзіне деген сенімсіздік пайда болады. Баламен ынтымақ қарым - қатынасыңызды жалғастырғыңыз келсе, оны барлық жағдайда қолдай білуіңіз керек. Сонымен жасөспірімдік жас адам дамуындағы өте қиын кезеңдердің бірі. Өзінің қысқа уақытында (13 - 17) жасқа дейін ол адамның тұлға болып қалыптасуында көп нәрсе айқындалады. Дәл осы жеткіншек жаста тұлға болып қалыптасуға негіз болушы мінез – құлық құрылымы жүреді.
Бұл жағдайлар баланың ересек болуға ұмтылдырады. Бұл әрекет бала бойынан мектеп өмірінде көбірек көзге түсіп қалады. Мұндай мінездің белгілері момын деген оқушының өзі дөрекі үлкендерге сөз қайтару, өзім білем қалай киініп жүретінімді. Сонымен қатар жеткіншектердің туыстарының басқаруынан, мұғалімдерінің және т. б тәрбиешілердің қарамағынан тыс шығуға талпынатынын ескерген жөн.

Қателігін түсіне білетін,
Дұрыс жүріп күтіне білетін,
Үлкенді сыйлап, кішіні сүйетін,
Білімді жинап дүниені шолатындай
балаларыңыз үлкен азамат болып өссін!
Сөз соңын ұлы ұстаз Макаренконың « Баламен шындап сөйлесу үшін орны мен уақытты таңдай біліңіз. Кіреберістегі, жол - жөнекей айтылған сөз бала көңілінде керекті із қалдырмайды» деген парасатты пікірімен түйіндегенді жөн көрдім.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама