Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Жабайы аңдар (6 сынып)
Сабақтың тақырыбы: Жабайы аңдар.

Сабақтың мақсаты: Жабайы аңдар туралы толық мағлұмат беру, аңдар атауларын үш тілде меңгерту.
Сабақтың міндеттері:
♦ Білімділік: Жануарлар тірі табиғаттың негізгі бөлігі, олардың да алуан түрі бар екені туралы түсінік қалыптастыру, жабайы аңдардың түрімен таныстыру. Осының ішінде Қазақстанда мекендейтін жабайы аңдар атауларын үш тілде меңгерту.
♦ Дамытушылық: Жаңа сөздер мен сөз тіркестерін, жабайы аңдардың атауларын қазақша, ағылшынша, орысша меңгерту.
♦ Тәрбиелік: Жануарларға қамқорлық көрсету жайында сөйлесе отырып, оларға қамқор болуға бағыт беру.

Сабақтың түрі: Интерактивті сабақ.
Сабақтың типі: Жаңа сабақ.
Көрнекілігі:
1) Интерактивті тақта ( жануарлар топтамасының сызбасы, суреттер).
2) Жануарлардың жеке топтама суреттері.
Пән аралық байланыс: Әдебиет. Орыс тілі. Ағылшын тілі. Жануартану.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Сәлемдесу.
2. Сыныптағы оқушыларды түгендеу, келмеу себептерін сұрау.
3. Оқушылардың көңілін сабаққа бейімдеу, ыңғайлау.
4. Тіл дамыту сәтін өткізу.

ІІ. Өткен материалдарды еске түсіру, жалпылау:
1. Үй тапсырмасын сұрау, тексеру.
2. Оқушылардың өткен сабақты қаншалықты меңгергенін, түсінгенін байқау.
3. Оқушының сөйлеу қабілетін, сөйлеу тілін, сөздік қорын байқау. 4. Неге көңіл аудару қажеттігін анықтау, ескеру.

ІІІ. Жаңа сабақты қалыптастыру: «Жабайы аңдар»
1. Сөздік жұмыс. Тақырып бойынша оқулықта берілген жаңа сөздермен жұмыс.
Бөрене – бревно
сақтану – опасаться
тасқын су – пловодье
ыңғайлы – удобный
ойпат жер – низменность
қателеспейді - не ошибаются
үңгірін кездестірдік - здесь увидели берлогу
болжағыш - превидящий
күрке - палатка
а) сөздерді тізбекпен оқу;
ә) әр түрлі сөз тіркестерін құрастыру;
б) жабайы аңдары бар суреттер бойынша сөйлемдер құрастыру.

2. 2. Сұрақ - жауап.
1 - тапсырма бойынша мына төмендегі сұрақтарға ауызша жауап беріңдер.
1. Қандай жабайы аңдарды білесіңдер?
2. Олардың мінездері қандай? (ақылды, айлакер, қорқақ, сақ, төзімді, т. б.)
3. Жабайы аңдар қай жерледе тіршілік етеді? 4. Жабайы аңдар немен қоректенеді?
Арыстан – лев – lion
Жолбарыс – тигр – tiger
Қасқыр – волк - wolf
Маймыл - обезьяна – monkey
Түлкі – лиса – fox
Піл – слон - elephant
Қабылан – леопард – leopard
Аю – медведь - bear

3. Оқылым, мәтінмен жұмыс. 2 - тапсырмадағы «Болжағыш аю» мәтінін оқу.
3. Деңгейлік тапсырмалар.
Осы 2 - тапсырмадағы мәтін бойынша 3 - тапсырманы орындаймыз. ІІІ деңгей.
1. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңдер.
2. Болжағыш сөзіне фонетикалық талдау жасаңдар.
ІІ деңгей. 1. Мәтіннен септік және жіктік жалғауы бар сөздерді теріп, жалғауларын ажыратыңдар.
Үлгі: аңшының (І. с.), күркесіне (ІІІ ж. т. ж.., Б. с.)
2. Мәтіндегі аю неге болжағыш аю аталған? Сендер қалай ойлайсыңдар?
І деңгей.
1. Мәтіннің мазмұнын айтып беріңдер.
2. Бөренелерді, аңдар, көктемде сөздеріне сатылы кешенді талдау жасаңдар.

4 – тапсырма. Суреттегі жануарларды атауларымен сәйкестір.
Қоян
Суыр
Қабылан
Маймыл
Тиін

5 - тапсырма. Тірек сызба бойынша сөз тіркестерін құраңдар.
Айлакер түлкі, Ақылды түлкі, Қу түлкі, Сұр қасқыр
Қызыл түлкі, Сары түлкі, семіз түлкі, әдемі түлкі
Жыртқыш аң орманда мекендейді

Рефлексия.
Балалар, бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма? Бүгінгі сабақта не үйрендіңдер? Не білдіңдер? Не білгілерің келеді?
Оқушылар білімі бағаланады.
Үйге тапсырма: 1. «Маған ұнайтын жабайы жануар» тақырыбына эссе жаз.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама