Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
Жәдік пен Елкелді

Жәдік деген бай қажы болыпты. Жәдіктің жалғыз баласы Райымхан мырзада бала жоқ екен. Дөртуылдың атқа мінерлерінің бір жиынында Жәдік қажы мақтанып:

— Жасымда кедей болдым. Маманбайдың биесін сауып, сүтінің көбігін жағама жағып «жұқтыр, жұқтыр» деп тіледім. Құдай тілегімді қабыл алып, маған мал берді, байыдым. Жалғыз үйге біткен мал кедей ауьлға ешнәрсе болмады. «Маған бердің Құдай, енді Мыңбайға түгел бер» деп тіледім, оным да қабыл болды. Мыңбай түгел байыды, шын тілесе Құдайдың бермейтіні жоқ, — депті. Сонда Елкелді деген кісі отырып:

— Әй, Жәке-ай, жоқты айтып отырады екенсің. Құдай айтқаныңды орындап отыратын тамырың болса, бүтін Мыңбайға мал сұрамай-ақ, жалғыз балаң Райымханға бір бала неге сұрап әпермедің! — депті.

Қажы үнсіз отырып қалыпты.

 


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама