Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 42 минут бұрын)
Жамбыл – айтыс ақыны
Қазақ әдебиеті
Сабақтың тақырыбы: Жамбыл – айтыс ақыны
Сабақтың типі: Білім, білік, дағдыны қалыптастыру
Сабақтың түрі: практикалық
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға Жамбыл өлеңдерінің, айтыстарының мәнін ашып меңгерту, жатқа айту, өлеңді талдау машығын жетілдіру, теориялық ұғымдарын игерту.
Тәрбиелік: Патриотизмге, өзін қадірлеуге, табиғатты сүюге, қорғауға, адам мен табиғат бірлігін сақтау, ерлікке, отансүйгіштікке, еңбексүйгіштікке, мейірімділікке, елін, жерін сүюге тәрбиелеу, гумандық, патриоттық тәрбие беру;
Дамытушылық: Оқушылардың ой еркіндігін, эстетикалық сезімін ояту, өздігінен білім алып дами алатын тұлға қалыптастыру, шығармалардағы көркем сөз айшықтарын талдап, жүйелі мазмұндау арқылы тіл дамыту, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, өздігінен білім алуға дағдыландырып, өз ойын жүйелі жеткізе білу шеберлігін дамыту;
Кәсібилік
Оқушылардың болашақ мамандығына сай кәсіби шеберлік дағдыларын қалыптастыру, педагогикалық технология әдістерімен таныстыру, қолданылу ретін, тәсілдерін түсіндіру.
Күтілетін нәтижелер:
Базалық: - Жамбыл өлеңдерін, айтыстарының мәнін меңгереді;
- Жамбылдың айтыс шеберлігін меңгереді;
Кәсіптік:
- Сабақ барысында пайдаланылған әдіс - тәсілдерді, тәжірибе жинақтауда қолдана алады;
Пәнаралық байланыс: Қазақ әдебиеті, тарих, мәнерлеп оқу, халық ауыз әдебиеті, музыка
ІІ БЛОК «Сабақтың жабдықталуы»
Көрнекі құралдар
Қосымша ақпарат материалдары, слайд, видео, кітаптар, журналдар, портфолио
Таратпа материялдар Сұрақтар тізбесі, деңгейлік тапсырмалар, алты қалпақ т. б.
Слайд, интербелсенді тақта
Ақпараттық қор:
Негізгі: (әдебиеттер) 1. С. Қирабаев 10 сынып, Қазақ әдебиеті «Мектеп» баспасы 2010 ж.
2. Б. Әрінова Қазақ әдебиеті 10 сынып, Дидактикалық материалдар «Мектеп» баспасы 2010 ж.
3. Г. С. Умарова Қазақ әдебиетінің тарихы «Фолиант» баспасы, Астана 2007ж
4. Н. Алдабек Қазақ әдебиеті «Қазақ университеті» 2013 ж.
5. С. Мақпырұлы Қазақ әдебиеті «Фолиант» баспасы, Астана 2007ж

Қосымша: (әдебиеттер)
Қазақ тілі мен әдебиеті №5 2010, Қазақ тілі мен әдебиеті № 11 2010.
Ұлағат №5 2014 жыл, Аңыз адам №20 тамыз 2014 жыл, Аңыз адам №19 тамыз 2014 ж
Негізгі терминдер мен ұғымдар Жамбыл, «Алғадай туралы әрбір ой», айтыс, шебер, суырып салма ақын, «Әділдік керек халыққа», Құлманбетпен айтыс, Айкүміспен айтыс
Сабақтың технологиясы мен әдістері: «Блум таксономиясы» әдісі, сұрақ - жауап, «РАФТ» әдісі, топтастыру, сызықтық диктант

Сабақ барысы: Оқытушы іс - әрекеті
І. Ұйымдастыру кезеңі (10 минут)
І. Қызығушылықты ояту.
Қызыл тілдің шебері
Ол - қазақтың «Гомері
Шайырлардың шайыры»
Ақындардың атасы, -
Қ. Алтынбаев

«Топтастыру» математикалық ойын.
1000+800+23*2=Ақынның дүниеге келуі; (1846 ж)
600*3+61=Сүйінбай ақыннан бата алуы; 1861 ж
100*10+(1000 - 59)= «Ленинградтық өренім» өлеңі; 1941ж
500*2+936= «Туған елім» толғауының жариялануы; 1936 ж
900*2+138=Жетпіс бес жылдық мерейтойы. 1938 ж
Бағалау парақтарын тарату;

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру (10 минут)
Үйге берілген тапсырма Жамбылдың өмірі мен шығармашылығы.
Сызықтық диктант
1. Ж. Жабаев Хан, Жамбыл тауларының бөктерінде дүниеге келген +
2. «Жалғызбын деп жүрмесін» атты өлеңі Бұрым қызға арналған ─
(А. Құнанбаевтың Әбдірахман деген ұлы қайтыс болғанда айтқан көңіл айтуы)
3. Сатираның түрлі әдістері шебер қолданылған өлеңі – «Кәдірбайдың төбеті» +
4. «Патша әмірі тарылды», «Зілді бұйрық» өлеңдері 1916ж. шығарылды +
5. «Домбыраң – берен, жырың - оқ» деген өлең жолында эпитет пен теңеу бар ─
(Метафора)
6. Кенен Әзірбаев, Үмбетәлі Кәрібаев, Нартай Бекежанов, Орынбай Таймановтар - Ж. Жабаевтың шәкірттері.+
7. Қақаған қар аралас соғып боран,
Ел үрей, көк найзалы жау торыған.
Байғара,... – деген өлең жолдары «Әкеме» өлеңінде кездеседі. ─
(«Менің өмірім» өлеңінде)
8. Әбділда Тәжібаев, Қалмақан Әбдіқадыров, Тайыр Жароков, Ғали Ормановтар Ж. Жабаевтың әдеби хатшылары болған. +
9. Ж. Жабаев «Көрұғлы» деген дастан шығарған. ─
10. Ж. Жабаев сыншылдықпен шындықты айту ақынның парызы деп санайды. +

ІІІ. Жаңа сабаққа дайындық кезеңі (5 минут)
Оқушыларға бүгінгі жаңа сабақ «Блум таксономиясы» әдісі арқылы өтетіндігін айтып, әдіс туралы мағлұмат беру;
Бенджамин Блум – америкалық оқыту әдістемесінің психологі, Блум таксономиясының авторы.
Таксономия – (гр. орналасу, қатар, тәртіп, заң) – нысандарды белгілі бір критерийлер мен ұстанымдар арқылы жүйелеу және нақты құрылым бойынша реттілікпен орналастыру.
Блум таксономиясы – жеке тұлға шығармашылығын дамытушы әдіс. Блум ағылшын
«Оқу мен жазу арқылы жеке дара пікір туғызу, ол мынадай құрылым: шыңдалған ойлау, кез келген тану деңгейіне байланысты мәселелерге пікір қосу; күрделі мәселелерді шешуге, аса маңызды жауапты шешімдер қабылдауға әкелту, үйрету мен үйрену бірлігінен, үйренудің қызығуынан тұратын, үйренушінің сеніміне негізделген құрылым.
Блум таксономиясы алты кезеңнен тұрады.
1. Білу
2. Түсіну
3. Қолдану
4. Талдау 5. Жинақтау (синтез)
6. Бағалау.
Бүгінгі сабағымызда Жамбылдың айтыстарына тоқталамыз.

ІV. Жаңа сабақты түсіндіру (15 минут)
Білу кезеңі:
Ассоциация арқылы Ж. Жабаев туралы білгендерін жазу; Бейнетаспа арқылы Жамбыл туралы білімдерін толықтыру.

Түсіну кезеңі: Жамбыл – айтыс ақыны. Айтыс – суырыпсалма ақындық өнерінің ерекше бір жанры, өте қиын түрі. Ақынның XX ғасырдың басына дейінгі шығармашылық өмірбаяны туралы деректер аз, өлеңнен ауыз жаппаған кісінің ұшан - теңіз жыр - толғау, айтыстары да түгел сақталмаған. Әйтсе де бала Жамбылдың дүмше молданы мысқылдап шығарған "Шағым", ақындық жолына рұқсат сұраған "Әкеме", "Менің пірім Сүйінбай" деген өлеңдері, бозбала кезінің мұңды да шуақты көркем жыры – "Айкүміспен айтысы", сылқым бойжеткен Кәмшат сұлуға шығарған құрбылық наз өлеңі сияқты дүниелер сақталған. Одан бертіндегі Жетісуды, Қаратау, Сыр өңірін өнеріне тәнті еткен, қырғыздың шалқар "Манасын", Шығыстың әйгілі қиссаларын жырлаған ақын мұрасынан бірталайының аты ғана белгілі. "Кедей күйі", "Пұшықтың ұрыға айтқаны", "Әділдік керек халыққа", "Кәрібайдың төбеті", "Жылқышы", "Мәңке болыс" тәрізді тегеурінді де өжет ақындык мінезден, халықтық даналықтан туған өлеңдері, әйгілі Құлмамбет, Сарбас, Нұрмағанбет, т. б. ақындармен айтысы, Өтеген, Сұраншы батырлар туралы ұзақ дастандары – даңқты шайырдың төңкеріске дейінгі шығармашылығынан сақталған қомақты мұрасы.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама