Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 31 минут бұрын)
Жамбыл облысында полиция қуып жеткен көліктің видеосы жарияланды

Жамбыл облысында рейдтік шаралар кезінде полиция қызметкерлері ВАЗ автокөлігін тоқтатпақ болды. Алайда, жүргізуші олардың талабын елемей, қашып құтылуға тырысқан.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жүргізушінің әрекеті тәртіп сақшыларының күдігін тудырған. Кейіннен медициналық куәландыру оның орта дәрежедегі мас күйінде болғанын растады.

Бұрынғы жазасына қарамастан

Белгілі болғандай, бұл оның алғашқы бұзушылығы емес. 2024 жылы Тараз қаласындағы мамандандырылған әкімшілік сотының шешімімен ол бұған дейін 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылып, 15 тәулікке қамауға алынған болатын. Соған қарамастан, азамат қайтадан көлік тізгініне отырып, мас күйінде көлік басқарған.

Қылмыстық іс қозғалды

Қазіргі уақытта бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұзушы уақытша ұстау изоляторына қамалып, көлік арнайы айыппұл тұрағына қойылды.

Ағымдағы жылдың басынан бері Жамбыл облысында барлығы 291 жүргізуші мас күйінде көлік басқарғаны үшін жауапкершілікке тартылғаны хабарланды.

Жаңалықтар

Жарнама