Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 сағат бұрын)
Жамбыл облысындағы әскери бөлімде сарбазды ұрып соққан: командирлер қызметінен босатылды

Жамбыл облысындағы әскери бөлімде сарбазды ұрып соққан оқиғадан кейін бірнеше командир қызметінен босатылды. Бұл туралы Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Оқиға Гвардейск гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінде болған. Бір әскери қызметші өзінің әріптесін ұрып соққан. Салдарынан зардап шеккен сарбаз жақ сүйегінен жарақат алып, Алматыдағы Әскери-клиникалық госпитальға жеткізілді.

Қылмыстық іс қозғалды

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Кімдер қызметінен босатылды?

Тесеру нәтижесінде бөлім командирі, оның тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары, батальон командирі және рота командирі қызметтерінен босатылды. Тағы бірнеше басшыға қызметтік сәйкессіздік туралы ескерту жасалды. Бірқатар офицер мен сержант қатаң тәртіптік жаза алды.

«Қабылданған шаралар лауазымына қарамастан, тұлғалық және сөзсіз жауапкершілік қағидатын көрсетеді», - деп мәлімдеді министрлік.

Тергеу аяқталғаннан кейін қорытынды шешім қабылданады.

Жаңалықтар

Жарнама